2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет

Қазақстанда әлеуметтік салаға 5 трлн теңгеден астам қаражат бөлінеді. Республиканың Қаржы министрлігі «2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын ұсынды. Келесі жылдан бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қолданысқа енгізіледі. Осыған байланысты, осы салаға бағытталған қаражат көлемі де 217 млрд теңгеге артты. Келесі жылы экономиканың нақты секторының дамуын қолдауға 2 трлн 39 млрд теңге қарастырылып отыр. Атап айтқанда, «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» бағдарламаларын іске асыру, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы, бизнесті дамыту картасының жаңа бағдарламасы.

АЛИХАН СМАИЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ – ҚАРЖЫ МИНИСТРІ

 - Республикалық бюджет жобасының негізгі парамертлері мынадай көлемдерде қалыптасты. 2020 жылға арналған түсімдер ағымдағы жылдың жоспарына 639 млрд теңге өсіммен 11,2 трлн теңгені құрайды. Мұнайға жатпайтын түсімдердің үлесі биылғы 61 проценттен 22-інші жылы 71 процентке дейін өседі. Бюджет тапшылығы жалпы ішкі өнімге 1 процентке дейін кезең-кезеңімен төмендетуімен жоспарланған. 2020 жылы шығындар ағымдағы жылға қарағанда 809 млрд теңге өсімнен 12,7 трлн теңге көлемінде жоспарланып отыр. Бұл ретте шығындардың өсу қарқыны ЖІӨ-нің өсу көрсеткішінен аспайды.

Фото: sputniknews.kz