Қазақстан-Жапония: Жаңа инвестициялық мүмкіндіктер

Қазақстан және Жапония өзара іс-қимылды дамыта түспек. Басым бағыттардың бірі – инвестициялық ынтымақтастық. Сарапшылардың айтуынша, Қазақстан аумағында іске асырылған және болашақта жоспарланған жобалар машина жасау, энергетика, ауыл шаруашылығы, логистика, мұнай-химия, жеңіл өнеркәсіп, робот техникасы, IT-технологиялар салаларында ұсынылған.   

Қос тараптың тығыз әріптестігі өз жемісін беруде. Мысалы, Жапонияның көлемі жөнінен әлемдегі төртінші логистикалық компаниясы біздің елімізде Орталық Азиядағы өкілдігін ашуды жоспарлап отыр. Күншығыс елінің тағы бір автоалыбы Қазақстанда тау-кен өндіру техникасына техникалық қызмет көрсету бойынша аймақтық орталық құру мәселесін пысықтап жатыр. Бұған қоса, Жапонияның мұнай және металл жөніндегі корпорациясы сирек металдарды өңдеу технологиясын дамыту бағытындағы ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті. Сонымен қатар жапон банкі мен «Бәйтерек» ұлттық холдингі бірлесіп несие желісін іске қосты. Жапон іскерлерінің айтуынша, олар Қазақстан экономикасына қаржы құюды жалғастыруға мүдделі. Бизнесмендерді еліміздегі инвестициялық ахуалды жетілдіру шаралары және шетелдік инвесторлар үшін жасалған қолайлы мүмкіндіктер қызықтырады.      

Фото: express-k.kz