Өткен жылы Алматы қаласына 731 млрд теңге қаржы салынған

Өткен жылы Алматы қаласына 731 млрд теңге қаржы салынған

Қазақстанның ірі шаһары Алматы қаласының экономикалық әлеуеті отандық және шетелдік инвесторларды қызықтырып отыр. Өткен жылы қалаға тартылған инвестиция көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 10 пайызға артқан. Атап айтқанда, шаһар экономикасына 731 млрд теңге қаржы салыныпты. Осылайша, республика бойынша отандық және шетелдік инвестицияны тарту жағынан Алматы көш басында.

РҮСТЕМ ВОРОШИЛОВ, КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛАР БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

-  Шетелдік инвестициялар тұрақты өсіп келеді. Осы жылдың алғашқы 6 айының өзінде 73 млрд теңгеден астам шетелдік инвестиция келді. Біздің қалада инвесторларға арнап «Инвесторлар үйі» ашылған. Оның мақсаты инвесторларға барынша қолдау жасап, бюрократиялық кедергілерді азайту.

Алматыда кәсібін ашқысы келетін кез келген шетелдік компанияға Алатау ауданындағы Индустриалды аймақтан жалға жер беріледі. Мұнда қазірдің өзінде бірнеше шетелдік компания жұмыс істейді. Олар экономиканың негізгі 6 бағытын қамтиды. Бұл – азық-түлік, химия, фармацевтика, электроника, металл конструкциялары және басқа да салалар.

ЭДВИН БЛОМ, ИНВЕСТОР:

 - Егер Қазақстанда қолжетімді бағаға, сапалы өнім алсақ, жергілікті мамандарды жұмысқа тартатын болсақ, онда бұл нарықтан кетудің қажеттілігі жоқ. Онда капитал осы елге қызмет етеді. Әсіресе бұл сервистік, өндіруші және өңдеуші салаға қатысты.

МАКСИМ АГЕЕВ, ҚР ФРАНЦИЯЛЫҚ КОМПАНИЯНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

-  Қазақстан шетелдік инвесторларды тарту үшін қолайлы жағдай жасап отыр. Реттеуші база жақсарып келеді. Елдегі салық мөлшерлемелері де көңілге қонымды.

Нарықтағы өзгерістерге дер кезінде жауап қатып, тиімді шешім қабылдай білетін мемлекеттер шетелдік инвесторлар үшін қашан да тартымды болады, дейді мамандар. Қазақстан осы ретте үнемі қолайлы ахуал қалыптастыру бағытында шаралар қабылдап келеді.

Фото: zakon.kz