Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4,1%-ға дейін үдеген

Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4,1%-ға дейін үдеген

Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4,1%-ға дейін үдеген. Бұл үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша көрсеткіш. Өсудің қозғаушы күштері негізінен өнеркәсіп, құрылыс, көлік, сауда және ауылшаруашылығы салалары болды. Өңдеуші өнеркәсіптегі өсім машина жасау, мұнай өңдеу, түсті металлургия, жеңіл өнеркәсіп, фармацевтика және сусындар өндірісі есебінен қамтамасыз етілді. Экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету инвестициялардың жаңа толқынын тартуға да байланысты болды.

АСҚАР ЖАПАРҚҰЛОВ, ҚР ҰЭМ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ ЖӘНЕ БОЛЖАМДАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

-  Бірінші тоқсанда экономика өсімі 3,8 пайызды құраса, жарты жылдың қорытындысы бойынша 4,1 процентті құраған. Бұл ұлттық экономиканың аса тұрақты екенін тағы бір айғақтайды. Негізгі капиталға инвестиция – өте маңызды индикатор. Ол да ел экономикасының өсімін қамтамасыз етеді.  Бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша, тартылған инвестиция көлемі 11,7 процентке артқан. Алғашқы тоқсанда 7 процент болған. Яғни 2 есеге жуық өсім байқалды.

Еске салсақ, ел үкіметі жыл сайын негізгі капиталға инвестициялар көлемін орта есеппен 20%-ға арттырып, оның деңгейін 2025 жылға қарай ЖІӨ-нің 30% дейін жеткізуді көздеп отыр. Соның ішінде, тікелей шетелдік инвестициялардың жылдық көлемін қазіргі 24 млрд доллардан 34 млрд долларға дейін арттыру жоспарланған.

Фото: 7kun.kz