Қазақстан мен Германия арасындағы тауарайналым 450 млн АҚШ долларына жетті

Қазақстан мен Германия арасындағы тауарайналым 450 млн АҚШ долларына жетті

Еуропалық Одаққа кіретін Германия Қазақстанды сыртқы байланыстағы ең сенімді серіктестерінің біріне санайды. Жыл басынан бері 4 ай ішінде екі ел арасындағы тауарайналым 450 млн АҚШ долларына теңелді. Еуропалық мемлекет біздің елге өндірістік жабдықтар, электротауар, көлік және дәрі-дәрмек тұрақты түрде жеткізіп тұрады. Өз кезегінде ол елге Қазақстан темір, химиялық қоспалар, ферроқорытпа жөнелтеді. Қазіргі күні біздің елімізде немістердің тікелей қаржыландыруымен 900 кәсіпорын жұмыс істейді. Соңғы 10 жыл ішінде Германияның кәсіпорындары Қазақстан экономикасына 5 млрд АҚШ долларынан астам қаржы құйды. Еуропалық Одаққа мүше мемлекет бизнесті дамытуға ірі концерндерінен бастап, орта және шағын бизнестеріне дейін мүдделі екенін айтады. Шетелдік сарапшылардың мәлімдеуінше, Қазақ еліндегі тұрақтылық пен қолайлы инвестициялық климат сырттан келетін бизнестің орнығуына басты себеп болып отыр.

ЭДУАРД КИНСБРУНЕР, ГЕРМАНИЯ ЭКОНОМИКАСЫ ШЫҒЫС КОМИТЕТІНІҢ АЙМАҚТЫҚ ДИРЕКТОРЫ:

 - Инвестициялық ахуалды үнемі ҚР Үкіметінің бақылап отыратынын Германияның кәсіпкерлері оң бақылады. Әлбетте сырттан келген инвестиция дұрыс жұмыс істесе, экономиканың қозғаушы күшіне айналатынын олар жақсы біледі. Инвесторлардың арқасында тұрақты жұмыс орны ашылады. Одан өзге жаңа технология өндіріске қосылып, енгізіледі. Сондықтан да Қазақстанның инвестициялық климаты қай жағынан қарасаңыз да қолайлы. Әлі де жөндейтін, түзейтін, жолға қоятын шаруалар көп.

Фото: vestikavkaza