Қазақстанның ет экспорты ұлғаяды

Қазақстанның ет экспорты ұлғаяды

Қазақстан ет экспортының көлемін арттыруды жоспарлап отыр. Болашақта бұл көрсеткіш 60 мың тоннаға дейін жеткізілмек. Сыртқы нарыққа шығарылатын өнімнің жартысын сиыр еті құрайтын болады. Осы мақсатта ет комбинаттарының өнімділігін ұлғайту үшін мал басын арттыру қажет, дейді мамандар. Жақында Жамбыл облысына Чехиядан 60-тан аса «Симменталь» тұқымды ет-сүт бағытындағы сиыр әкелінді. Жалпы 2027 жылға дейін шетелден шамамен 36 мың ірі қара мал әкелу жоспарланып отыр.

БАЛЖАН ЫСҚАҚОВА, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

 - Ірі қара малды импорттаудың бізге берері, облыстағы ірі қара малдардың генетикалық потенциалын көтеру болып табылады. Биылғы жылы «Сыбаға» бағдарламасының аясында 4 мың бас шетелден алып келу жоспарланған. Еттің экспорты Иранға, Өзбекстанға, Кувейт мемлекеті, ішінара Қырғызстанға кетіп жатыр.

2018 жылы Қазақстан 33 мың тоннаға жуық сиыр етін алысты жақын 11 елге өткізген. Етті көп алдырған елдер тізімнің ішінде Ресей де бар. Көрші елдің еттен де басқа ауылшаруашылық өнімдеріне сұранысы артып отыр. Былтырғы жылы Қазақстан өзіне іргелес Ресейдің Челябі облысына жалпы құны 34 млн АҚШ долларын құрайтын ауылшаруашылық өнімі жеткізілген. Алдағы уақытта бұл көрсеткіш одан әрі арта түседі, дейді сарапшы мамандар. Оңтүстік Оралда қазақстандық шағын кәсіпорындар мен шаруаларға арнап сауда үйі салынбақ. Бұл сауданы жүйелестіруге аса қажет. Бұл сатылым көлемін ұлғайтып, федералдық желіге шығуға септігін тигізбек.

АЛЕКСАНДР РАЕВСКИЙ ЧЕЛЯБІ ОБЛЫСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Қазіргі кезде шағын кәсіпорындардың желіге кіруі қиынға соғады. Олар етіне сұраныс баяулдау болады. Сауда үйі осы мәселелердің жартысын шешуге мүмкіндік береді. Сонда біз өзара әрекет етудің нәтижесінде, шағын кәсіпкерлердің және шаруалардың мүмкіндігін арттырып, сауда желілерімен байланыс орнатамыз. Сонда өнімді өткізу әлдеқайда оңай болады.

Бүгінде отандық өнім ресейлік нарықта үлкен сұранысқа ие. Еттен өзге Қазақстанның сүт өнімдеріне сұраныс күшті. Шұжыққа, жартылай фабрикат өнімдерге, тәттіге жергілікті халықтың аңсары ауған.

ЗОЯ СОКОЛОВА, ДҮКЕН ИЕСІ:

 - Қазақстаннан әкелінетін азық-түліктердің барлығының сапасы жақсы, сондықтан сатып алушылар тарапынан да сұраныс бар.

Ресейлік сарапшылар Қазақстанның өнімі ТМД аумағы бойынша сапа тұрғысынан өзге елдермен бәсекелесе алатынын баса айтты. Себебі, сапалы өнім сұранысқа ие. Оны сыртқа көптеп шығуға еліміздің мүмкіндігі де, шамасы да бар.

Фото: zhaikpress.kz