Қазақстан аграрлық салада Аргентина тәжірибесін қолданбақ

Қазақстан аграрлық салада Аргентина тәжірибесін қолданбақ

Қазақстан әлемнің аграрлы алпауыты саналатын Аргентинаның тәжірибесін ендіретін болады. Қос тарап ауыл шаруашылығы саласындағы әріптестік аясын кеңейту жөнінде уағдаласты. Шетел мамандары жергілікті әріптестерімен өсімдік, мал шаруашылығындағы иновациялық жобаларды іске асыруда ғылыми-техникалық тұрғыда сүйемелдеп, кәсіби кеңес беруге дайын. Ғылым мен білімді өндіріспен түйістіре білген Аргентина соңғы 10 жылда астық жинау көлемін 2 есеге ұлғайтқан. Әлемде экспорт бойынша көшбасшы үштікке кіреді. Ауылшаруашылық өнімдерінің жартысынан астамы сыртқа сатады. Бүгінде 40 млн халқы бар мемлекет 400 млн адамды асырауға жететін өнім шығаруға қауқарлы.

ТӨЛЕУТАЙ РАҚЫМБЕКОВ, «ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

-  Аргентинаның ауыл шаруашылығында екі-ақ түрлі субсидия бар. Оның бірі жанар-жағармайға 40 пайыздық жеңілдік, екінші субсидия түрі 50 пайыз жаңа инновациялық технология ендірсе, соның шығыны. Оның бір ерекшелігі – субсидия ғылыми зерттеу институттары арқылы беріледі. Осыны біз алсақ дейміз. Бұл әлі ұсыныс қана. Одан басқа да атап айтатын заманауи технологиялар бар. 

JUAN BFLBIN, АРГЕНТИНАНЫҢ ҰЛТТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ИНСТИТУТЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Біз ең алдымен, саланың кәсіби мамандарын ұсына аламыз. Сондай-ақ мал шаруашылығы бойынша эмбриондарды жеткізуге ниеттіміз. Кейін олардың көмегімен жергілікті жерде асыл тұқымды мал басын арттыруға болады. Өсімдік шаруашылығы бойынша өзімізде жалпы халықаралық деңгейде дамытып жүрген технологияларымызбен бөлісеміз. Арнайы зерттеп, осы ортаға бейімділерін таңдауға септесеміз. Қазақстанның әлемді ауылшаруашылық өнімімен қамту әлеуеті зор.     

Фото: 123rf.com