Қазақстанда өндірістік кешен қарқынды дамып келеді

Қазақстанда өндірістік кешен қарқынды дамып келеді

Қазақстанда өндірістік кешен қарқынды дамып келеді. Салалық ведомство мамандарының мәлімдеуінше, үстіміздегі жылдың 5 айының көрсеткіші 2 пайызға артқан. Өсім химия және жеңіл өнеркәсіптері, мұнайды терең өңдеу, машинажинау, түсті металлургия сынды кәсіпорындарда байқалады. Бұл орайда айта кетерлігі 2019 жылдың алғашқы төрт айында ғана дайын өнімді экспорттау көлемі 5 млрд долларды құраған. Ал өндірістік кешеннің негізгі капиталына құйылған инвестиция көлеміне келер болсақ, ол биылдың 5 айында ғана 255 млрд теңгеге жеткен.

АМАНИЯЗ ЕРЖАНОВ, ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРОҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

 - 2015 жылдан бастап елімізде индустрияландырудың екінші бес жылдығы жүзеге асырылуда. Алдағы жыл аяқтау жылы болып табылады. Өткен жылы индустрияндыру картасы аясында 1,3 трлн теңгеге 102 жоба іске қосылды. Биылғы жылы біз индустрияландыру картасына120-дан астам жоба енгізу арқылы 1,1 трлн теңге жоспарлап отырмыз.

Бұл орайда машина жинау саласындағы автомобиль құрастыру ісінің үлесі 25 пайызға артқанын айту керек. Сала мамандарының сөзіне сүйенсек, өткен жылдың 5 айында 17 мың дана көлік нысаны шығарылыпты. Өсімге ішкі нарық сұранысының күшейгені мен сыртқы экспорт нарықтарының ашылуы, жеңілдетілген автонесиелеу мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы оң әсерін тигізді дейді, сарапшылар.

ЕРЖАН ИМАНСЛЯМ, ҚР ИИДМ-НІҢ  БАСҚАРМА БАСШЫСЫ: 

 - Қазіргі таңда шетелдік өндірісшілер қазақтың нарқын үнемі бақылап отырады. Әсіресе автоөндірісшілер үшін қандай жеңілдік жасайтынымызды қадағалайды. Биыл біршама келісімдерге қол қойылды. Қазақстанда құрастырылатын көліктер қай жағынан да тиімді. Біздің автоөндірісшілердің шығаратын көлік маркаларына сұраныс артып келеді. Бұл салаға қаржы құюға мүдделі инвесторлар үшін жасалған жағдайларда өте тиімді. Тіпті Еуроодаққа шығарса да оның мүмкіндігін арттырады.

Фото: inbusiness.kz