Қазақстанда биылғы жылы 89 млн тонна мұнай өндірілмек

Қазақстанда биылғы жылы 89 млн тонна мұнай өндіру жоспарланып отыр. Елдің батысында қара алтын өндіру шетелдік компаниялармен берлесе атқару жалғаса береді. Тиісті келісімді Энергетика министрлігі 3 шетелдік кәсіпорынмен ұзартты. Тараптар 2039 жылға дейін  Маңғыстау облысында орналасқан Дунга кен орнын игеретін болады. Ал бұл қосымша 9 млн тонна мұнай өндіруге мүмкіндік береді. Айта кету керек, кен орны 2000 жылдан бері сынақтан өткізіліп, 2007 жылдан бастап толыққанды даму сатысында тұр.

ҚАНАТ БОЗЫМБАЕВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МНИСТРІ:

 - Сонымен қатар тараптар Дунга кен орнын игерудің 3-фазасын іске асыру туралы келісімге келді. Ол инвесторлардың аймаққа 300 млн доллар салымы есебінен жүзеге асырылатын болады. Мұнайдың өндіру көлемі жылда 20-25 пайызға өсетін болады. Өндірілетін мұнайдың 15 пайызын инвесторлар ішкі нарыққа жіберетін болады. Бұл – ең төменгі көрсеткіш. Алда өсе түсуі де мүмкін.

Әрбір мемлекет экономикасында шетелдік инвестициялар ағыны маңызды рөл атқарады. Жалпы Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері республикаға 320 млрд АҚШ долларының тікелей инвестициясын тартты. Ал егер былтыр экономиканы дамытуға инвестиция тартудың әлемдік қарқыны 27 пайызға азайса, Қазақстан шетелдік инвестициялардың тұрақты ағынын бір қалыпта ұстап, еселей алды. Еліміздегі қаржының тиімді жұмсалуына Еуропалық даму және қайта құру банкінің президенті Сума Чакрабарти жоғары баға беріп отыр.

СУМА ЧАКРАБАРТИ, ЕДҚБ ПРЕЗИДЕНТІ: 

-  Қазақстанға құйған инвестицияның жалпы көлемі 9 млрд доллардан асады. Оның ішінде биылдың өзінде 450 млн доллар қаржы салып отырмыз. 3 бірдей баламалы қуат көздерін дамытуға арналған жобаны қаржыландырмақпыз. Қазақстанның «Жасыл экономикасын» қолдауға жалпы сомасы 375 млн доллар бөлдік.

Бүгінде Қазақстанды шетелдік инвесторлар қолайлы инвестициялық климат орнаған мемлекет ретінде біледі. Сонымен қатар республика шетелдік капиталды тарту бойынша көшбасшы елдердің қатарында.

Фото: pavon.kz