Қазақстан өнімдерін Беларусь астанасында таныстырды

Беларусь компаниялары қазақстандық өнімге қызығушылық танытуда. Бұл елде ұн, жарма, майлар, кондитерлік және балық өнімдері, табиғи шырындар, ет және сүт өнімдері секілді тауарларға сұраныс жоғары. Өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 690 млн АҚШ долларынан асып жығылған. Алдағы уақытта қос мемлекет бұл көрсеткішті еселей түспек. Мамандандырылған көрмелер жаңа бизнес әріптестермен қарым-қатынас орнатып, өнімдер жеткізу көлемін ұлғайтуға септігін тигізеді, дейді мамандар. Жуырда Беларусь астанасында өткен осындай шаралардың бірінде қазақстандық 6 жетекші кәсіпорын өз өнімдерін көпшілік назарына ұсынды.

АЯН ЕРЕНОВ, ҚАЗАҚСТАН СЫРТҚЫ САУДА ПАЛАТАСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

 - Әрбір тұтынушының қазақстандық стендке барып, тікелей ынтымақтастық орнатуға мүмкіндігі бар. Әрине Минск пен Беларусьтің өзге қалаларынан ірі дилерлік және дистрибьюторлық компанияларын шақырдық. Біз бұл елге экспорттауға мүдделіміз.

Бүгінде Қазақстан өңделген өнім экспортының географиясын ұлғайтуда. Қазір отандық тауарларды 48 мемлекет импорттауда. Олардың қатарында Ресей, Швейцария, Жапония, Бахрейн, Малайзия, Болгария, Молдова, Ливан және басқа да елдер бар.

Фото: kapital.kz