Astana Finance Days: Исламдық қаржыландыру

«Астана» халықаралық қаржы орталығы – өңірдегі исламдық қаржыландыруды дамыту үшін тартымды платформалардың бірі. Бүгінде осы бағытта Ислам даму банкімен ынтымақтаса отырып, қолайлы құқықтық және реттеушілік база құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Тәжірибе алмасуға және мамандарды оқытуға да көп көңіл бөлінеді. Елордада Ислам даму банкі бөлімшелерінің шеберлік сыныптары өтті. Қатысушылар Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше елдерде жеке секторды дамыту үшін исламдық қаржы құралдарын, жаһандық трендтерді талқылап, саланың соңғы жаңалықтары туралы ақпарат алмасты. Сарапшылардың айтуынша, Қазақстанның исламдық қаржыландыруды дамытудағы тәжірибесі бүкіл Орталық Азияда зерттеледі.

ШЕЙХ БИЛАЛ ХАН, АХҚО ӘКІМШІЛІГІНІҢ БИЗНЕСТІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ІЛГЕРІЛЕТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ИСЛАМДЫҚ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ БАҒЫТЫ БОЙЫНША БАСШЫСЫ:

 - Семинарлардың басты мақсаты – Орталық Азия өңірінде, ағылшын құқығына негізделген тәуелсіз платформа болып табылатын «Астана» халықаралық қаржы орталығының платформасын пайдалануда мүдделі практик-мамандарды және Ислам қаржы индустриясының өкілдерін біріктіру. Қаржы орталығы клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандырады және пайда ұсынады, бұл мүлдем тәуелсіз, әділ құқықтық реттеу жүйесі. «Астана» халықаралық қаржы орталығы – аймақтағы бірегей үлгі, сондықтан бүгінде Өзбекстан қазақстандық тәжірибені зерттеуде.

САМИР ТАГИЕВ, ЖЕКЕ СЕКТОРДЫ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ ИСЛАМ КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ ТМД ЕЛДЕРІНЕ АРНАЛҒАН БАС ӨҢІРЛІК МЕНЕДЖЕРІ:

-  Виза алу өте оңай болды, бізде шетелдіктер көп. Өздеріңіз білесіздер, Ислам даму банкі 56 елде жұмыс істейді. Сондықтан виза қажет. Бір күнде AIFC арқылы виза аламыз. Біз Қазақстанды басқа да елдерге танытқымыз келеді, мұнда тек Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азия, Тәжікстан, Өзбекстан және Ислам әлемінің басқа да елдерінен қатысуда.

Айта кету керек, ислам қаржысы – көлемі 2,5 триллион доллардан асатын әлемдегі жылдам өсіп келе жатқан сегменттердің бірі. Сарапшылар оның 2023 жылға қарай 3,8 триллионға дейін өсетінін болжап отыр.

Фото: Хабар 24