Сарапшылар АХҚО әлеуетін жоғары бағалайды

Сарапшылар «Астана» халықаралық қаржы орталығының әлеуетін жоғары бағалайды. Олар осыдан 1 жыл бұрын құрылған орталықтың аз уақыттың ішінде айтарлықтай жетістікке жеткенін атап өтті. Әлемнің үздік қаржы орталықтарының тәжірибесіне әрі ағылшын құқығына негізделе отырып құрылған мекемеде Халықаралық Арбитраж орталығы, сот, биржа, Экспат орталық, Тікелей инвестициялар қоры, «Жасыл» қаржы орталығы жүмыс істейді. Қазір «Астана» халықаралық қаржы орталығында 200-ге жуық компания бар. Оның 20-сы заңдық тұрғыда кеңес берумен айналысады.     

НҰРЖАН ҚОСБАЕВ, АХҚО ӘКІМШІЛІГІНІҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

-  «Астана» халықаралық қаржы орталығында қызметкерлердің жайлы жұмыс істеуі үшін барлық жағдай жасалған. Олар ЭКСПО кешенідегі кеңселерде отырады. Жуырда мұндағы компаниялар санын 250-ге жеткізуді жоспарлап отырмыз. Олардың дені Қазақстанда өз жобаларын жүзеге асыратын ірі инвесторлар болады.

ЭНДРЮ ОЛДЛАНД, АХҚО ҚҰҚЫҚТЫҚ КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

-  «Астана» халықаралық қаржы орталығының әлеуеті зор. Мұнда бизнес жүргізу үшін қолайлы орта қалыптасқан. Қазақстанға көптеген инвестиция тартуға болады.

Фото: inform.kz