Оңтүстік Корея кәсіпкерлері Қазақстандағы трактор құрастыру зауытына инвестиция кұюға әзір

Оңтүстік Корея кәсіпкерлері Қазақстандағы трактор құрастыру зауытына инвестиция кұюға әзір

Қазақстанның қолайлы инвестициялық ахуалы шетелдік кәсіпкерлер арасында қызығушылық тудырып отыр. Жыл сайын елімізге бағытталған шетелдік капитал ағындарының ұлғаюы байқалады. Әсіресе, кен өндіру, өңдеу, сауда, қаржы және көлік салаларынының тартымдылығы жоғары. Оңтүстік Кореяның ірі корпорациясы Қазақстандағы трактор құрастыру зауытына инвестиция кұюға дайын. Бастапқы кезеңде маркетингке және тракторларды өткізуге қаражат бөлуді қарастырып отыр. Сонымен қатар корпорация зауытта жұмыс істейтін қазақстандық қызметкерлерді тәжірибе алмасып, тағылымдамадан өту үшін Кореяда оқытуға дайын. Трактор зауыты Түркістан облысында 2015 жылдан бастап жұмыс істейді. Алғашқы 2 жылда ауылшаруашылық техникаларының 120 данасы шығарылған.

ГРЕГ НАМ, КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ АҒА ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:

-  Бастапқыда біз 1000 тракторды шығарып, кейін өндірісті 10 мың данаға дейін кеңейтеміз. Сол үшін сұраныс пен мүмкіндіктері бар деп ойлаймын. Біз үшін Қазақстан – жақсы нарық, ал Қазақстан үшін ауылшаруашылық саланы дамыту мүмкіндігі жоғары.

Бұдан басқа, еліміздің агроөнеркәсіптік кешеніне де инвестициялар ағыны ұлғайып келеді. Оған сәйкес Дүниежүзілік банк Қазақстандағы ет-мал шаруашылығын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға 500 млн АҚШ долларын бөлетін болды.

САПАРХАН ОМАРОВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ:

 - Біз АҚШ-тың Ауыл шаруашылығы министрлігімен және осы саладағы жетекші компаниялармен кездесіп, бірқатар мәселені талқыладық. Сондай-ақ суару құрылғыларын шағаратын зауыт құрылысы туралы келіссөз жүргізіп жатырмыз. Қазір ірі компаниялармен ет зауыттары мен мал бордақылайтын орындар салу туралы келіссөз жүргізудеміз. Олар етті қайта өңдеу зауытын, бордақылау алаңдарын салу үшін Қазақстанға инвестиция бағыттауға дайын.

Сарапшылардың айтуынша,  шетелдік капиталдың заманауи технологияларды енгізуімен бірге Қазақстан экономикасының барлық салаларын дамытуға жаңа серпін береді.

Фото: forbes.kz