Қазақстандық алма өнімдері халықаралық нарыққа шықты

Қазақстандық экологиялық таза өнім шетелдіктер арасында үлкен сұранысқа ие. Әсіресе оларға алмадан жасалған табиғи шырындар, джем және пастилалар ұнайды. Осы жағдай Алматы облысына қарасты кәсіпорындардағы экономикалық көрсеткіштердің өсуіне ықпал етіп отыр. Алма бағы Еңбекшіқазақ ауданында теңіз деңгейінен 1200 метр биіктікте орналасқан. Биыл компания экспортқа 8,5 млн литр шырын экспорттауды жоспарға енгізген. Алдағы уақытта «Made in Kazakhstan» деп аталатын өнімдер Ресей, Польша, Германия, сондай-ақ Азия елдеріне жеткізіледі.

ЕГОР ХАХУЛИН, КОМПАНИЯ ӨКІЛІ:

 - Биыл біз Оңтүстік Шығыс Азия нарығында алғашқы қадам жасап отырмыз. Ооның ішінде, Катар, Сингапур, Малайзия, Біріккен Араб Әмірліктері және Кытай Халық Республикасымен келісімшартқа қол қойдық. Шетелдіктер арасында отандық тауарға деген қызығушылық үлкен. Өйткені біз экологиялық таза тауарларды жасаймыз, оны дәлелдейтін арнайы сертификаттарымыз бар.
 

Фото: 24.kz