Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері

Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері

Қазақстан – инвестициялық жағынан тартымды мемлекет. Республика мемлекеттік қаражатты инвестициялау үшін ең тартымды ТОП-20-ға кіреді. Алда біздің еліміз бұл позицияны жақсартып, ТОП-15-ке енуді жоспарлап отыр. Қолайлы іскерлік ахуал және саяси тұрақтылық – шетелдік инвесторлар үшін басты қызығушылық танытып отырған факторлардың бірі. Нұр-Сұлтанда құрылған «Астана» халықаралық қаржы орталығы тәуелсіз Қазақстанның экономикалық тарихына елеулі үлес қосты.

ҚАЙРАТ КЕЛІМБЕТОВ, АХҚО ЖЕТЕКШІСІ:

 - «Астана» халықаралық қаржы орталығының моделі жиналғандар үшін өте қызықты тақырып дер едім. Өйткені орталық жалпы ағылшын заңдылықтары бойынша жұмыс істейді, инвестициялық дауларды шешу институтымыз қалыптасқан, батыс технологияларына негізделген жаңа биржамыз бар.

Шараға атсалысқан ірі инвестициялық және қаржы ұйымдары өкілдерінің «Бір белдеу, бір жол» Қытай бастамасына Қазақстанның қатысу және араласу деңгейі қаншалықты екендігі қызығушылық туғызды.

СОНЯ ГИББС, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ  ИНСТИТУТЫ БӨЛІМІНІҢ АҒА ДИРЕКТОРЫ, /АҚШ/:

-  «Бір белдеу, бір жол» бастамасы – өте маңызды және амбицияға толы, мақсаты мол жоба. Дамушы және тәуекелділігі жоғары нарықтар үшін Қазақстанның әлеуеті жоғары. Тұрақты дамуға қол жеткізу үшін оларға міндетті түрде жергілікті инфрақұрылымға ақша құю қажет болады.

Қазақстанда инвестиция үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында ел Президентінің жанындағы Шетелдік және ұлттық инвесторлар кеңесі, Премьер-Министрдің төрағалық етуімен инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес және Инвестициялық омбудсмен институты бар.

Фото: inbusiness.kz