Мемлекет кәсіпкерлерге қолдау көрсетуде

Мемлекет кәсіпкерлерге қолдау көрсетуде

Қазақстандық кәсіпкерлер мемлекеттік қолдаудың шарапатын татып жатыр. Үкімет тарапынан жасалатын шағын және орта бизнесті демеу тетіктері жеке істің іргесін кеңейту немесе жаңа кәсіп бастауға үлкен сеп болуда. Мәселен, Жібек Тұрсынова «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының аясында арнайы грантқа ие болды. Ұтып алған қаржы капсулалық мейрамхана ашуға жұмсалды. Егерде бизнестің бұл түрінің Жапонияда дамығанына 40 жылдан асса, Қазақстан үшін енді етек жая бастаған кәсіп. Саяхатшылар мынандай капсулаларда демала алады. Іштен жабылатын қонақ үй шағын болғанымен жайлы, қажеттінің бәрімен қамтылған, адамды қоршаған ортадан толықтай оқшаулайды.  

ЖІБЕК ТҰРЫСОВА, КӘСІПКЕР:

-  Мен салған ақшамды қайтарып алдым деп сеніммен айта аламын. Іс ашуға кеткен ақшаның бір бөлігі гранттық, өзгесі жеке қаржым. Мен енді бизнесімді дамытып, іргесін кеңейтуді жоспарлап қойдым. Бүгінгі таңда ойымды жүзеге асыруға қажетті франшизаны мәскеулік компания әзірлеп берді. Ойымды Қазақстан, жалпы ТМД аймағында дамытсам деймін.

Еліміз үшін енді бір жаңа жоба – жылқы тасымалдайтын және өзге де тіркемелер құрастыру өндірісі. Цехтің атқарушы директоры Абылай Баянтаевтың айтуынша, елде ат спорты түрлерінің дамуына орай жылқы тасымалына тіркемелерге деген сұраныс артқан. Бүгінгі таңда барша Қазақстан аумағынан тапсырыстар көптеп түсіп жатыр. Тіпті көршілес Өзбекстан елінде қазақстандық өнімге қызығушылық танытуда. Таяуда кәсіпорын төтенше жағдайлар Комитетінен үлкен тапсырыс алды. 

АБЛАЙ БАЯНТАЕВ, КӘСІПКЕР:

-  ТЖМ көктемдегі тасқын кезінде су сорғыш насостар тиейтін 56 тіркегішке тапсырыс берді. Олар қауырт маусымда Қазақстанның барлық аймақтарына қажет болады. Үлкен тапсырыс түсіп, кәсібіміздің жұмысы алға басты.

Жас кәсіпкер Әлібек Назарбаев жергілікті шикізаттан табиғи ірімшік жасау өндірісін қолға алған.  Қазіргі таңда кәсіпорын сүт өнімінің 35 түрін, жалпы жылына 9 тонна ірімшік шығарады. Бұл көпке танымал испан, итальян және француздық ірімшіктердің баламалы түрлері кейін мейрамханалар мен сауда орындарындағы сөрелерге жеткізіледі. Іскер азамат болашақта бизнесті қолдауға бағытталған «Аға мырзалар» мемлекеттік бағдарламасына қатысып көруді жоспарлауда.  

АЛИБЕК НАЗАРБАЕВ, КӘСІПКЕР:

-  Мен шет елден өндірісімді жолға қоятын тәжірибелі маманды шақыруға мүдделімін. Ол ірімшік өндірісінде жаңа технология ендіруге септеседі. Әріптестермен келіссөздер жүргізілуде. Олардың бірімен жыл соңына дейін Алматыда ірімшік өндірісін ашуды жоспарлап қойдық. 

Кәсіпкерлер мемлекеттік қолдаудың жаңа тетіктері жеке істерін өндіріс жолына қоюмен қатар, сырт елдерге төл өнімдерін экспорттаудың әлеуетін арттыра түсетініне сенімді.

Фото: blognews.kz