Қазақстан-АҚШ: Аграрлық саладағы әріптестік

Қазақстан мен Америка Құрама Штаттарының ынтымақтастығы сан-саланы қамтиды. Агросаладағы серікестік – маңызды бағыттардың бірі. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының мамандары америкалық әріптестерімен тәжірибе алмасатын болды. Америкаға сапар барысында Небраска университетімен аграрлық ғылым саласында ынтымақтастық орнатылды. Сонымен қатар жаңбырлатып суару саласындағы әлемнің алдыңғы қатарлы компанияларының бірімен келісім жасалды. Олар ғылыми орталыққа соңғы үлгідегі заманауи 3 бірдей жаңбырлатып суару қондырғысын орнатады. Жаңа агрегат өнімділікті арттырып, суды үнемдеуге мүмкіндік береді. Инвестицияның жалпы көлемі – 200 млн теңге.

КЕНЖЕ АБДУЛЛАЕВ, А.БАРАЕВ АТЫНДАҒЫ АШҒӨО БАС ДИРЕКТОРЫ:

 - Суармалы тәжірибе жасау, сондай-ақ үлкен генетикалық технологияның селекциясына керек технологияны бізге ендіру. Осы үлкен екі мәселеге келісім жасалды. Онда мамандар дайындау жағында келісіп келдік. Ендігі қадам – біздің ғалымдарды АҚШ-та оқытып, ал олардың ғалымдары Қазақстанға келіп, бізді транспорттық коммерцилизацияға үйрететін болады.  

Фото: agbz.kz