Ақтөбеде африкалық жайын балығы өсірілуде

Ақтөбеде африкалық жайын өсірілуде. Осы мақсатта өңірде кәсіпорын құрылысы басталды. Бүгінгі таңда тек жылы суда ғана мекендейтін жәндіктер үшін арнайы табиғи орта қалыптастырылып, сумен қамтудың бірегей тұйықталған жүйесі қолданылып жатыр. Мұнда жаздың соңына дейін судың көлемі 250 кубометрлік болатын 30 бассейн салу жоспарлап отыр. Ол жерде арнайы арналар арқылы ересек балықтар келеді. Кейін бұл жерден өнімдердің бір бөлігі сатылымға, қалғаны қайта өңдеуге жіберілетін болатын.

ГАЙК ТЕРТЕРЯН, КӘСІПКЕР:

 - Ол консервіленген, балық еті болады, балалар тағамы ретінде қолданыла алады.

Шетелдік мамандар деликатес балықтарын көбейтумен айналысады. Олардың айтуынша, жабық сумен жабдықтауды қолдану технологиясы жоғары сапалы өнімді сақтай отырып, тауарларды шығару мерзімін қысқартады.

Судандық жайын тамақ таңдамайды. Сонымен қатар оның көптеген пайдалы қасиеттері де бар,тағы бір айта кетерлігі тез салмақ жинайды. Шабақтары алты ай ішінде 1,5 кг-ға дейін өседі.

РОМАН СЫРКИН, ИХТИОЛОГ:

 - Бұл балықтар өте пайдалы. Тек спортпен шұғылданатындар ғана емес, баршаның тұтынуына болады. Әрі африкалық жайындар тек белгілі температурада және таза суда ғана өсіп жетіледі. Сондықтан адам ағзасы үшін өте тиімді. Біз де барлық тиісті талапты сақтап отырмыз. Ол ешқандай дәрі-дәрмектерді қолданбай өсіріледі.

Мамандар кәсіпорынның қуатын жылына 1500 тонна балыққа дейін арттыруды жоспарлап отыр. Қазір балық өнімдерінің алғашқы диеталық легі сауда сөрелеріне дайындалуда. Ал болашақта шетел нарығына да шығару көзделіп отыр.

ГАЙК ТЕРТЕРЯН, КӘСІПКЕР:

 - Ең алдымен ақтөбеліктерді өніммен қамтығымыз келеді. Одан кейін Қазақстанның өзге аймақтары мен шетел нарығына шығаруды көздеп отырмыз.

Айта кету керек, африкалық жайын – қарапайым және дәмді. Оның пайдалы қасиеттері жібігеннен кейін де жоғалмайды.

Фото: izh.kp.ru