Doing Business-2019: Бизнес жүргізудің жеңілдігі жағынан Қазақстан 28-орында

Doing Business-2019: Бизнес жүргізудің жеңілдігі жағынан Қазақстан 28-орында

Қазақстан бизнесті жүргізудің жеңілдігі бойынша әлемнің 30 мемлекетінің қатарына енді. Еліміз 190 мемлекеттің ішінде 28-орынға тұрақтады. Дүниежүзілік банктің «Doing business-2019 қосалқы ұлттық рейтингі» зерттеуінің нәтижесі осындай. Жалпы республикамыздың барлық өңірінде кәсіпкерлікпен айналысу үшін қолайлы жағдайлар жасалуда, делінген баяндамада. Бірқатар көрсеткіштер бойынша Алматы көш бастап тұр. Тәуелсіз сарапшылар төрт көрсеткішті талдап, бағалаған. Бұл – кәсіпорындарды тіркеу, құрылыс жүргізуге рұқсат алу, электр қуатымен жабдықтау жүйесіне қосылу және жылжымайтын мүлікті тіркеу.

РИТА РАМАЛЬО, ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК ЖАҺАНДЫҚ ИНДИКАТОРЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- «Дуинг бизнес» баяндамасы үшін Қазақстанның 16 өңірін зерттедік. Бизнес субъектілерін реттеу жүйесі бағаланды. Оның біршама жақсарғаны байқалады. Бұл оң өзгеріс деп санаймын. Әзірге, басқаларына қарағанда, Қазақстанның астанасы, Алматы және Шымкент қалаларында ресурстар мен мүмкіндіктер көп.

Фото: silkroadnews.org