Қазақстан мен Германия ынтымақтастығы

Қазақстан мен Германия ынтымақтастығы

Қазақстан мен Германия екіжақты қарым-қатынасты кеңейтуге мүдделі. 27 жылдан бері екі ел көптеген салаларда ынтымақтастық орнатты. Ауыл шаруашылығы, машина жасау және баламалы энергетика бағытттарында әріптестік жолға қойылды. Берлинде құрылған Қазақстан мен Германия арасындағы экономикалық һәм  мәдени байланыстарды дамытатын ұйым осыған дәлел болады.

Неміс іскер қауым өкілдерінің айтуынша, тұрақтылық пен қолайлы инвестициялық ахуал Қазақстанды шетел инвесторлары үшін тартымды елге айналдырған.

Германия еліміздің экономикасына шашамен 8,5 миллиард АҚШ долларын құйған. Бұл ретте инвестициялардың 90 пайызы шикізаттық емес секторға бағытталады.

ЕРМЕК КӨШЕРБАЕВ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Өткен жылдың соңында Сыртқы істер министрлігіне жаңадан бір функциялар берілген. Бұл инвестицияны тарту және экспортты ілгерілету. Тапсырмаларының бірінде сол жөнінде Елбасымыз үш мемлекетті, жалпы үлкен мемлекеттерді атады. Ол АҚШ, Жапония және Германия, жоғары технология және өнеркәсібі бар елдер. Жаңадан шыққан технологияларды өз елімізге тарту; инвестицияларды тарту сол елдерден. Неміс кәсіпкерлерін тарта отырып, қоғамдық бастамалармен құрылған осындай платформалар Қазақстанға келіп, жұмыс істеуге ниет білдірген кәсіпкерлер шеңберін кеңейтуге ықпал етеді. Осындай платформалар бизнес қоғамға жаңа мүмкіндіктер ашады.

КРИСТИАН ГРОССЕ, DEKAF БАС ХАТШЫСЫ:

- Германия мен Қазақстан арасындағы екіжақты қатынастар соңғы жылдары қарқынды дамып келеді. Екі елдің ынтымақтастығының аумағын кеңейтуге болатын әлі де көптеген сала бар. Мысалы цифрландыру мен білім беру салаларында Германияның тәжірибесі  мол. Жоғары дәрежедегі шараларды ұйымдастырып, Қазақстанды танымал етеміз. Осы ұйымның  көмегімен экономикалық және  мәдени байланыстарымызды біз жаңа белеске шығарамыз.

Фото: atameken.kz