Қазақстан бәсекеге қабілетті елдер рейтингінде 34-орынға көтерілді

Қазақстан бәсекеге қабілетті елдер рейтингінде 34-орынға көтерілді.

Швейцариялық Халықаралық менеджментті дамыту институты осындай мәліметтерді жариялады.

Қазақстаннан кейін тұрған 29 елдің ішінде Италия, Испания, Түркия және Ресей бар.

Рейтингтің бірінші ондығына Швейцария Біріккен Араб Әмірліктері, Нидерланд, Ирландия, Дания, Швеция және Катар енген. Ал ең төменгі сатыға Венесуэла жайғасқан.

Айта кетейік, ТМД елдері ішінде Қазақстан ең жоғары тұр, Ресей 45-ші, Украина 54-орында.

2019 жылғы зерттеулер 63 мемлекетте жүргізілген.

IMD рейтингі бәсекеге қабілеттілік деңгейін анықтау үшін әлем елдерінің экономикалық даму көрсеткіштерін, ел үкіметінің тиімділігін, бизнес пен инфрақұрылымдық даму көрсеткіштерін басшылыққа алады.

Еске салсақ, Қазақстан 2030 жылға қарай дүние жүзінің дамыған озық 30 мемлекеттің қатарына ену мақсатын қойып отыр.

Фото: politring.com