Қостанай облысында жасалған тенттік ангарлар Ресейге жөнелтілуде

Қостанай облысында жасалған тенттік ангарлар Ресейге жөнелтілуде

Еуразиялық экономикалық одақ кеңістігінде өз орнын тапқан отандық өндіріс орындары аз емес. Солардың бірі - Қостанай облысындағы тенттік қаңқалы ангарлар шығаратын кәсіпорын.

Оның өнімдері бүгінде Ресейдің бүкіл аумағына тарайды. Бәсекелестікке төтеп беру үшін кәсіпорын мамандары  өндіріске ұдайы жаңа технологиялар енгізіп отыр.

Кәсіпорын басшысы Алексей Аман жаңа қаңқалы ангардың тәжірибелі нұсқасын көрсетті. Биыл қыста алғаш сынап көрген екен.

АЛЕКСЕЙ АМАН, КӘСІПОРЫН БАСШЫСЫ:

- Өз кезегінде өз арнасымен қозғалған ауа күн сәулесімен жылынып, жоғарыда шығар тұста 30-40 градусқа дейін ысиды. Осылай ауа айналымы жалғаса береді. Алдағы уақытта тағы 6 желдеткіш пен кішкентай күн панелін қоюды жоспарлап отырмыз. Осыдан кейін тент іске қосылып, ангар өздігінен жылынатын болады.

Жақында бұл құрылымдарда болат құбырларды шыныпластикке ауыстыру туралы шешім қабылданды. Оған қажетті кварц құмы жеткілікті. Еуразиялық одақ кеңістігінде өзін жақсы қырынан танытып үлгірген кәсіпорынның енді жаңа өнімімен халықаралық нарыққа шықпақ ойлары бар.

НИКОЛАЙ ФЕЛЕНЧУК, ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ:

- Болат құбырды шығарумен салыстырғанда, бұл технология қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Мұндай профильдерді өндіруді 10-15 адамнан тұратын кішігірім немесе орта кәсіпорын жасай алады. Ол  үшін 500 шаршы метрлік  қойма алаңы қажет.

Өткен жылы Қостанай облысының  Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен тауар айналымы 1 миллиард АҚШ долларынан асып түсті. Аймақта бұл көрсеткіштерді бірнеше есе ұлғайту жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақта экономика бойынша екінші орында.

Фото: iskozh.com