Алматы – ЕАЭО бизнес орталығы

Алматы – ЕАЭО бизнес орталығы

Алматы – бұл еліміздің ғана емес, сонымен бірге Еуразиялық экономикалық одақтың бизнес орталығы. Мұнда негізгі қаржы институттары шоғырланған, сондай-ақ, барлық сауда жолдары тораптары және бүкіл шағын және орта бизнестің үштен бір бөлігі осында орналасқан. Болашақта Алматы еуразиялық кеңістіктегі өзектілігін одан әрі нығайта түседі, деп санайды сарапшылар.

ВЯЧЕСЛАВ ДОДОНОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚСЗИ БАС ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

- Бұл – жалпы аймақтық өнімнің шамамен 20%-ын құрайтын Қазақстандағы ең ірі қала. Ең алдымен, Алматы экономикасы әртараптандырылған, бұнымен жалпықазақстандық көрсеткіштерден ерекшеленеді. Қаржы орталығы ретінде Алматы бірыңғай қаржы нарығының құрылуына орай пайда болатын қосымша артықшылықтарға сүйенеді.

Еліміздің Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасындағы тауар айналымның 27 пайызы Алматы қаласының үлесінде. Оңтүстік астананың одақ елдерімен тауар айналымы биылғы жылдың сәуір айында 5,2 миллиард АҚШ долларына жеткен. Бүгінгі күні мегаполисте мемлекет қолдауымен экспортқа арналған тұтыну тауарлары өндірісі үшін жаңа кәсіпорындар ашылуда.

ДӘУЛЕТ АСЫЛБЕКОВ, ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

- Ресми статистикаға қарағанда негізгі мұнай компаниялары Алматыда тіркелген. Сондықтан экспорттың негізгі бөлігі мұнай және мұнай өнімдері болып табылады. Сонымен қатар какаодан жасалған кондитерлік өнімдермен бірге қанттан дайындалған тәттілер мен сусындар өндірісі экспорты бір ізге қойылған деп айта аламын. 

Экономикалық белсенділік қалада іскерлік туризмнің дамуына ықпал етіп отыр.  Мәселен, өткен жылы 300-ге жуық қонақ үй мен хостел 2 миллионға жуық туристке қызмет көрсеткен. Олардың басым бөлігі Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен келген. Былтыр мегаполистің бюджетіне туризм саласынан 25 миллиард теңге кіріс түскен.

ВЯЧЕСЛАВ ДОДОНОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚСЗИ БАС ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

- Алматы туристік орталық ретінде визасыз режимдегі елдердің туристері үшін өз тартымдылығын сақтап отыр. Бірінші кезекте бұл Еуразиялық экономикалық одақ елдері деп айтуға болады.

Сарапшылардың айтуынша, Алматы – «Қазақстанның іскерлік жүрегі». Олардың бағалауы бойынша, экономикалық одақтың алғашқы бесжылдығы табысты болды. Алдағы уақытта Еуразиялық экономикалық одақ елдері ортақ нарықта еркін және тиімді сауда жүргізуіне барынша жағдай жасау бойынша жұмыс жалғасуы керек.

Фото: zakon.kz