Еуразиялық экономикалық одақтың құрылғанына 5 жыл толды

Биыл Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы туралы келісімге қол қойылғанына 5 және еуразиялық интеграция бастамасының іске асқанына 25 жыл толды. Осы уақыттта одақ институционалды тұрғыда толық қалыптасты.

Бүгінде ЕАЭО бірыңғай экономикалық кеңістік, ортақ кедендік аумақ, ұлттық деңгейде макраэкономикалық, қаржылық және аграрлық саясаты бар белсенді әрі беделді ұйымға айналды.

Қазіргі таңда одақ аумағындағы тұтынушылар мен еңбек мигрантарының құқықтары барынша қорғалады.

Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Тигран Саркисянның айтуынша, одақ осыған дейінгі атқарған істерінің нәтижесінде халықаралық деңгейде танылып, үлкен абройға ие болды.

ТИГРАН САРКИСЯН, ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОМИССИЯ АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Бүгінге дейін 50-ден  астам әлем елдерінің халықаралық ұйымдары бізбен инсттуционалды байланыс орнатуға ниет танытты. Атап айтсақ, еркін сауда аймағы, ынтымақтастық жөнідегі меморандумдар, бірлескен шаралар ұйымдастыруға қатысты екіжақты келісімдер.Бұл бізді халықаралық аренада көпшіліктің мойындап қолдайтынның белгісі. Еуразиялық экономикалық одақ мықты ұлттық әрі құқықтық  институты бар халықаралық экономикалық ұйым ретінде танылды. 

Қазіргі таңда ЕАЭО алдында интеграциялық үрдістерді тереңдете жетілдіру ісі тұр.

Саркисянның айтуынша, болашақта одақ шекарасының аясын кеңейтіп, құрамын толықтыра түсу мәселелері қарастырылып жатыр.

Әлеуетті әріптес елдер қатарында Қытай, Иран, Үндістан, Израиль, Сингапур және Сербия мемлекеттеріне басымдық берілуде. 

Фото: newsarmenia.am