Қазақстан мен Германияның инвестициялық байланыстары

Қазақстан мен Германияның инвестициялық байланыстары

Германия - Қазақстанның Еуропадағы басты әріптестерінің бірі. Екі ел арасындағы қарым-қатынастар ашық әрі сенімді сипатқа ие. Қос тарап ынтымақтастық аясын кеңейте түсуге мүдделі. Бұл туралы Германия федералдық үкіметінің аз ұлттардың істері жөніндегі өкілі Бернд Фабрициустың елордаға сапары кезінде айтылды.

Ол еліміздегі этникалық немістер мен Германиядағы этникалық қазақтар екі ел арасындағы қатынастардың маңызды буыны саналатынын атап көрсетті. Қазақ елінде шамамен 180 мың неміс ұлтының өкілі тұрып жатыр. Бүгінде қос елдің байланыстары саясат пен экономиканың біраз салаларын қамтиды.

ЖАНСЕИТ ТҮЙМЕБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Шамамен неміс инвестициясының 90 пайызы Қазақстан экономикасының шикізаттық емес секторына бағытталады. Қазіргі кезде елімізде неміс капиталы бар 900 экономикалық құрылым жұмыс істейді. Сонымен қатар 450 неміс кәсіпорны ашылған. Өңдеу өнеркәсібі, көлік, құрылыс, байланыс, ауыл шаруашылығы, логистика және басқа да салаларда екі ел ынтымақтастық орнатқан.

Фото: time.kz