Қазақстанда 4 жаңа арнайы экономикалық аймақ құрылады

Қазақстанда төрт жаңа арнайы экономикалық аймақ құрылады. Олар Петропавл, Қостанай, Ақтөбе және Байқоңыр қаласында ашылады деп жоспарлануда. Қазіргі уақытта Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі облыстық әкімдіктердің ұсыныстарын қарастыруға кірісті.

Бүгінгі таңда елімізде 12 арнайы экономикалық және 23 өнеркәсіптік аймақ бар.

Шымкентте орналасқан «Оңтүстік» аумағында тоқыма кластері қалыптастырылған. Мұндағы шоғырланған зауыттардың барлығы шағын және орта бизнеске бағытталған.

Ал «Павлодар» арнайы экономикалық аймағына келетін болсақ, мұнда бастапқы алюминийді тереңтедіп өңдеу өндірісі қарқынды жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар өндірістік кәсіпорындар арасында кооперциялық байланыс жақсы дамыған.

Қызылорда облысындағы индустриалды аймақтар сырттан инвестиция әкелу тұрғысынан бірінші орын алады.

Шымкентте де көптеген жобалар іске қосылды. Олардың 60-тан астамы өнеркәсіптік аймақтардың ең көп саны Түркістан облысында шоғырланған.

РОМАН СКЛЯР, ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ:

- Арнайы экономикалық аймақтар аумағында жалпы саны 183 жоба іске қосылды. Олардың ішінде шетелдік инвесторлардың қатысуымен 46 жоба бар. Барлық арнайы экономикалық аймақтар инфрақұрылымының құрылысына 314 миллиард тенгені бюджет қаржысы жұмсалды. Бұл ретте тартылған инвестиция көлемі 910 миллиард тенгені құрады. Яғни, арнайы экономикалық аймақ инфрақұрылымына салынған бюджет қаражатының бір теңгесі  2,8 теңге жеке инвестиция тартуға жол берді. Индустриялық аймақтарында инвестиция көлемі шамамен 183 миллиард тенгені құрады. 168 өндіріс іске қосылды. Бұл ретте индустриялық аймақ құрылымына 86 миллиард тенге салынды. Осылайша бюджеттен алынған бір тенге  2,1 тенге инвестиция тарты. 

Мамандардың айтуынша, индустриялық аймақтарға тартылған инвестиция көлемі 2021 жылға қарай 520 млрд теңгеге жетеді. Бұл 173 жаңа кәсіпорын ашуға мүмкіндік береді. Олардың 40-ы биыл іске қосылады деп жоспарланып отыр. Бұдан басқа, алдағы үш жылда арнайы экономикалық аймақ аумағында 147 жоба жүзеге асырылып, жыл соңына дейін 36 кәсіпорын өз жұмысын бастайды деп күтілуде.

Фотоinbusiness.kz