Беларусь әскери техникасы Қазақстанда құрастырылады

Қазақстанда белорус әскери техникасы мен қару-жарақтарын шығару жоспарланып отыр. Елімізде өндірісті құру туралы келісімге Беларусь астанасында өткен MILEX-2019 9-шы халықаралық көрмесінде қол жетті. Сарапшылар радиолокацияға арналған аспаптар мен оптикалық-электронды бұйымдар өндірісін ашу туралы ойларын айтты.

БЕКЖАН ЖЫЛҚАЙДАРОВ, КӨРМЕГЕ ҚАТЫСУШЫ/ҚАЗАҚСТАН/:

- Бізде осы салада шамамен 30 шақты кәсіпорын жұмыс істейді. Біздің кәсіпорын қару мен әскери модульдерге арналған күндізгі және түнгі оптика шығарады. Сондай-ақ танктерді жаңғырту бойынша түрлі жобаларымыз бар.

Халықаралық қару-жарақ көрмесінде ең танымал стендтердің бірі Қазақстанның стенді болды. Форумға қатысушылар Қазақстанда шығарылатын бронды техникаға ерекше назар аударып отыр. Оның артықшылығы миналарға қарсы қорғанысы күшейтілген әрі құрышпен қапталған. Осы әскери көліктерді биыл экспортқа шығару жоспары да бар.

ОЛЕГ ТУПИК,  КӨРМЕГЕ ҚАТЫСУШЫ /БЕЛАРУСЬ/:

- Мұнда өте қызық үлгілер қойылады. Жалпы көрмені аралап, көзбен көріп шыққаннан кейін әлем бойынша әскери саланың қай бағыттарына басымдық беріліп жатқанын біліп-түсіне аласың. Сонымен қатар мұнда радиоэлектронды басу құралдары, оптикалық бұйымдар мен атқыштар қаруының заманауи түрлері бар. 

Форумға 35 елдің делегаттары қатысты. Сондай-ақ, 160-тан астам мемлекеттік және жеке компаниялар өз жобаларын ұсынды.

Фото: mil.by