XII Астана экономикалық форумы: сарапшылар пікірі

XII Астана экономикалық форумы: сарапшылар пікірі

Еуразия құрлығындағы басты шаралардың бірі Астана экономикалық форумына биыл әлемнің 74 елінен сарапшылар, саясаткерлер, кәсіпкерлер мен ғалымдар қатысуда. Ауқымды шараға қатысушылар 12-ші рет өткізіліп отырған жиында әлемдік экономиканы дамыту, оны сауықтыру, жаһандық үрдістер мен практикалық стратегиялар мәселелерін талқылайды.

Форумда бірыңғай «жасыл» инновациялық хаб құру туралы ұсыныс жасалды. Бұл бастаманы көтерген Фред Уолти инновацияларды бірлесіп жүзеге асыру қажет екендігіне сенімді. Оның пікірінше, ұзақ ғылыми зерттеулерге емес, практикалық дағдыларға баса назар аудару керек.

ФРЕД УОЛТИ, КОМПАНИЯ ПРЕЗИДЕНТІ:

Бүгінгі басты мәселелердің бірі – бүкіл әлемде жасыл экономикаға арналған экожүйенің болмауы. Адамдар ғылыми-зерттеу жұмыстарына тым көп уақыт пен қаражат жұмсайды. Мәселе сонда жатыр. Бұл дүниелерді монетизациялауға және инновацияға көп көңіл бөлу керек. Әлемнің түкпір-түкпірінде жасыл инновациялық хаб құру аса маңызды және олар өзара тығыз қарым-қатынаста жұмыла жұмыс істеу керек. 

Форумға қатысушылардың пайымдауынша, жаһандық мәселелерді шешуде белсенді ынтымақтастық аса маңызды болып табылады. Мысалы, форумның басты тақырыптарының бірі жасыл энергетика саласында Қазақстан Сауд Арабиясымен тиісті келісімге қол қойды.

КРЭЙГ СМИТ, КОМПАНИЯНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

Сауд Арабиясы «жасыл» технологияларды кеңінен қолданылады. Бізде Астана хабпен өзара ынтымақтастық туралы меморандум бар. Сауд Арабиясында күн энергиясы мәселесі аса өзекті. Мұнда күн панельдерінде қалып қоятын құм көп. Біз үлкен күн панельдерінің жаңа технологияларын әзірледік.

Фото: www.astanaeconomicforum.org