Қазақстан тәттілері Армения еліне экспортталады

Қазақстанда шығарылған тәтті-дәмділер сыртқы нарықта сұранысқа ие бола бастады.

Бұған Еуразиялық экономикалық интеграция сеп болып отыр. Мысалы, отандық өнім Армения еліне экспортталады. Жаңа «тәтті брендтер» жергілікті нарыққа бір жылдан астам уақыт бұрын енген. Тұтынушылар Алматы және Қостанай қалаларында жасалған конфеттердің сапасын жоғары бағалауда. Дәмі тіл үйірерлік, сан алуан түрі де көп. Қап тауына алғашқы кезеңде тәттілер тиелген бір-екі жүк көлігі жол тартатын болса,қазірде олардың қарасы көбейді. Ал қазір қазақстандық импорттың көлемі айтарлықтай артқан.

АНИ ХАЧАТРЯН – ДИСТРИБЬЮТЕРЛІК КОМПАНИЯНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ:

- Шамамен 700 мың келі конфет импортталды. Бұл 40-45 жүк көлігіне тиелген тауар. Нарықты зерттеу үшін деп қарасақ, бұл тауар көлемі тамаша көрсеткіш. 

СИЛВА АРУТЮНЯН – ДҮКЕН МЕНЕДЖЕРІ:

- Қазақстандық кәмпиттерді шамамен бір жылдан бері сатып келемін. Сауда табысты. Адамдар дәмді деп мақтайды. Өтімі жақсы.

Еліміздің кондитерлік фабрикаларының өнімдері ірі қалалармен қатар, Арменияның шалғайдағы ауылдарына дейін жеткізілді. Конфет түрлерін арттыру арқылы жеткізушілер экспорт көлемін ұлғайтуды көздеп отыр. 

Фото: www.dividends.nuz.uz