АЭФ: бизнестегі жаңа технологиялар

Инновациялар мен жасанды интеллект. Диджитал – заманауи озық үлгідегі технологияларының өркен жаюы қолданыста жүрген үйреншікті бизнес ойларды түрлендіріп, тұтастай салаларды жаңғыртудың бірден бір жолы. Сарапшылар сандық жүйелерді ендіруге асықпайтындар алдмыен бәсекеге қабілеттіліктен айрылатынын алға тартып отыр. 

АЛЕКСАНДР ЖОРОВ, BCG КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ ЖӘНЕ СЕРІКТЕСІ:

- Бәсекелестік қаншалықты мықты болса, бизнесте де соншалықты ең озық технологиялар ендіріледі. Сәйкесінше, өнімділік артады. Кей елдерде түрлі себептермен бәсекелестікке шектеу қойылады. Дәл осындай  жағдайларда  акционерлер жеке ісіне жаңаны ендіруде жігерге  басымдық берулері тиіс.

BCG (Би-Си Джи) компаниясы өкілдерінің айтуынша, Астана экономикалық форумы жаңа серіктестер табумен қатар, технология тұрғысында көш бастап келетін компаниялардың озық үлгілерін өз тәжірибесінде кәдеге жаратудың жақсы мүмкіндігі. Әсіресе, жеке ісін енді бастағандар үшін тиімді саналады.

АЛЕКСАНДР ЖОРОВ, BCG КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ ЖӘНЕ СЕРІКТЕСІ:

- Астана экономикалық форумы – пікір алмасуға арналған іскерлік алаң. Онда барша әлемнің сарапшылары бас қосып тәжірибе алмасып, шеберліктерімен бөлісе алады. Бүл әсіресе Қазақстаннның экономикасын жетілдіру үшін жасалған жақсы қадам.   Жаһандық деңгейдегі ең ықпалды алаң өз ісінің үздік мамандарымен жекелей танысуға жол ашады. 

Сарапшы инновациялық тұрғыда түрлену экономиканың барлық салалары үшін аса өзекті деп санайды. Маманның айтуынша, техникалық жарылыс Қазақстанның әлемдік көштен қалмай жетілуінің басты кепілі.