Нұр-Сұлтанда Астана экономикалық форумы АЭФ өтіп жатыр

Нұр-Сұлтанда Астана экономикалық форумы АЭФ өтіп жатыр

Қазақстан елордасында Орталық Азиядағы ең ауқымды іскерлік шара Астана экономикалық форумы өтіп жатыр. Бүгін беделді пікірталас алаңында орнықты даму мақсаттарына жету, жасанды зерде мүмкіндіктері, өнеркәсіптік революция «Индустрия 4.0», жаһандық инвестиция, «жасыл» экономика және т.б. тақырыптар талқыға салынды. Форум қатысушысы, халықаралық консалтингтік компанияның басшысы Ханс-Пол Бюркнер мәлімдегендей, Астана экономикалық форумы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті отыз мемлекеттің қатарына қосылуына септігін тигізеді. Сондай-ақ, жаңа іскерлік байланыстар орнатуға, тиімді келісімшарттар жаңа жасасуға, әріптестер табуға мүмкіндік жасайды.

ХАНС-ПОЛ БЮРКНЕР, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНСАЛТИНГТІК КОМПАНИЯНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Астана экономикалық форумының Қазақстан экономикасы үшін тигізер пайдасы мол. Әр келген сайын мемлекттік секторда, мәдениет, жаңа өндірістер, бизнес, жалпы барлық салаларда оң өзгерістер байқалады. Форум әлем экономикасына қатысушы барлық тараптармен жұмыс істеуге жол ашады. Мұнда Қытай, Ресей, Солтүстік Америка, Еуропа елдерінен делегаттар бар. Жаңа идеялар, тәжірибе алмасу Қазақстан үшін пайдалы.

Фото: chinadaily.com.cn