Қазақстан мен Польшаның тауар айналымы 2,2 млрд евроны құрады

Қазақстан мен Польшаның тауар айналымы 2,2 млрд евроны құрады

Қазақстан мен Польша өзара ынтымақтастықты қарқынды дамытуда. Бүгінде екі ел – стратегиялық әріптес. Сарапшылардың айтуынша, соңғы жылдары екі жақты қарым-қатынас жаңа деңгейге шыққан. Мұны статистикалық мәліметтерден де байқауға болады. Мемлекеттер арасындағы тауар айналымы өткен жылдың қорытындысы бойынша 2 миллиард 200 мың евроны құраған. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 80%-ға артық. Қазақстан мен Польша сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан ары нығайтуға мүдделі. Ауыл шаруашылығы, көлік жасау, туризм, сондай-ақ көлік және логистикалық сектор - келешегі мол бағыттар. 

ЯЦЕК ЧАПУТОВИЧ, ПОЛЬША СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ:

- Біз екі ел қарым-қатынасын дамытуға мүдделіміз. Солардың бірі – транспорттық-логистикалық секторды дамытудың потенциалы болды. Жібек жолы Қазақстан мен Польша арқылы өтеді. Бұл бағытты дамыту үшін бізге жол, теміржол байланыстарын біріктіру қажет. Біз әрі Азиядан келетін тауарлар үшін біздің Гданьсктегі портты пайдаланудың мүмкіндіктері туралы сөз қозғадық.

Қазақстан – Польшаның Орта Азиядағы маңызды серіктесі. Соңғы мәліметтер бойынша,  200 поляк компаниясының таңдауы Қазақстанға түсіп, Еуропаның таңдаулы технологиясын енгізе отырып, жаңа жұмыс орындарын ашқан. Екі ел арасындағы сауда-саттық та қарқынды дамып келеді. Демек, бірлескен жобалар саны да алдағы уақытта арта түседі.