19 жыл ішінде Аралдан балық аулау көлемі жиырма есеге өсті

19 мың тонна. Бұл Қызылорда облысында жұмыс істейтін 7 балық өңдеу шаруашылығының жалпы қуаты. Олардың барлығы бүгінде алыс-жақын шет мемлекеттерге өнім экспорттап отыр. Импорттаушылар қатарында Қытай, ТМД мен Еуропа елдері бар. Экспорттық әлеуетті жыл сайын арттырып отырған кәсіпорындарды шикізатпен қамту мақсатында аймақтың кіші Аралға 15 млн шабақ жіберіліп отырады. Су маржандарын қорғау мақсатында гидроакустикалық қондырғы орнатылмақ.

ТЫНЫСБЕК БАРАҚБАЕВ, «БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМИ-ӨНДІРІСТІК ОРТАЛЫҒЫ» АРАЛ БӨЛІМШЕСІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Егер осы жобаны жылдың аяғына дейін бітіретін болсақ, келер жылдан бастап балық құтқару гидроқұрылғысы тұратын болады. Яғни гидроакустика дегеніміз балықтың сенсорлық органдарына әсерін тигізеді. Әсерін тигізгенде тек үркіту ғана. Басқалай еш зиянын келтірмейді. Ол тек қана төменгі жиілікте балықтардың үлкен-кішісін үркіту арқылы біз ол жерге жақындатпаймыз.

Қызылорда облысының Арал ауданында теңізден бөлек, жиырма көл бар. Олардан да балықтың он төрт түрі ауланады. Сала мамандары су маржаны қорын молайтуда қолайлы экожүйені сақтап қалудың маңыздылығын айтады.

ҚҰДАЙБЕРГЕН САРЖАНОВ, САЛА АРДАГЕРІ:

- Ақбасты мен Құландының ортасында өзек бар. Сол жерге шлюз қойып, соған шейін су деңгейі көтерілсе, артық су үлкен теңізге кетпей, өзек арқылы Тұщыбас деген жерге барады. Тұщыбасты толтырып алсақ, Қамбат көлінен кем болмайды. Қазір лимит бойынша Қамбаш көлінде 400-300 тоннадай балық беріп отыр. Ал мынадан жылына мың тонна балық аулауға болады. 

Соңғы 19 жыл ішінде Аралдан балық аулау көлемі жиырма есеге өсті. Өткен жылдың ұқсас кезеңінде елімізден 5 мың 400 тоннаға жуық балық әртүрлі күйде әлемдік нарықтарға жол тартқан.

Фото: rusfishexpo.com