Қазақстан мен Венгрия: ынтымақтастық әлеуеті

Қазақстан мен Венгрия елдері өзара инвестициялық әріптестіктің көкжиегін кеңейтуге мүдделі. Тараптардың бұл ниетін іске асыруда Қазақстан-Венгрия тікелей инвестициялық қоры сеп болмақ. Оның арқасында бірқатар жобалар да жүзеге асып үлгерген. Мәселен, Ақтөбе өңіріндегі жоғары технологиялық жылыжай кешені мен Жамбыл облысындағы алма бақтарын қор қызметінің жемісі деуге болады. Қазақстан мен Венгрия арасындағы ынтымақтастық әлеуеті қандай? Бұл жөнінде «Kazakh TV» арнасына берген эксклюзивті сұхбатында Венгрия премьер-министрінің орынбасары, қаржы министрі Михай Варга әңгімелеп берді.

Фото: Reuters