Елордада XII Астана экономикалық форумы өтеді

Елордада XII Астана экономикалық форумы өтеді

Астана экономикалық форумы - әлемдегі ең ықпалды сарапшылардың пікірталас алаңының біріне айналды. Кезекті рет елордада жаһандық көшбасшылар мен жетекші халықаралық мамандар бас қосады. Жылдың бас шарасы Нұр-Сұлтан қаласында үстіміздегі  мамыр айының 16 мен 17-сі күні өтеді. Форум тақырыбы жыл сайын жаңартылып, жаһандық дамудың көптеген мәселелері мен міндеттерін қамтиды. Кезекті отырыста да мамандар тұрақты өсімнің жолдары мен адам капиталын дамыту, қалалардың әлеуетін еселеу сынды сұрақтарды талқыға салады. Барлығы 50 сессия өтеді. Жиынға 5 мың адам қатысады деп күтілуде.

ШОҚАН ОРАЗБЕКОВ, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:

- Биыл біз жиынның тақырыптық контентіне аса көңіл бөлдік. Өткен жылдардағыдай әлемдік деңгейдегі сарапшылардың ақыл-кеңестері мен ұсыныстары болады. Екіншіден, Экономикалық зерттеу институтының зерттеулері таныстырылады. Олардың басты мақсаты Қазақстанның дамуына қатыстиы мәселелерді тереңірек зерттеу боолып табылады. Бұл инвестициялық форум. Оған қытай, АҚШ пен Еуропа елдерінің инвесторлары шақырылды. Үлкен келісімдерге қол жеткізіледі деп күтілуде. Дәстүрлі жиын еліміздің ивестициялық әлеуетін артыруға бағытталған.

АЭФ қорытындысы бойынша Нобель лауреаттары мен жетекші сарапшылар Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік саясатын жетілдіруге қатысты пікірлерімен бөлісіп, кеңес береді. Айта кетерлік жайт,  өткен отырыстардың ұсыныстары әлемнің экономикалық тәртібіне өз ықпалын тигізді. Мәселен, тұжырымдар G8 және G20, ЭКОСОС сынды бірқатар ғаламдық алаңдарда ескерілген болатын.  Тіпті 2012 жылы өткен  БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында да АЭФ көтерген мәселелер назарсыз қалмады. 

Фото: inform.kz