Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері

Қазақстан сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық аясын кеңейтуде. Республикада жасалған қолайлы жағдайлар, салықтық және виалық жеңілдіктер шетелдік ивесторлардың қызығушылығын тудырып отыр. Тәуелсіздік алғалы Венгрия Қазақстанға 200 млн доллар көлемінде инестиция құйды. Ал, екі ел арасындағы тауар айналымы өткен жылы және осы жылдың бірінші тоқсанында 155 млн долларды құрады. Бүгінгі таңда елімізде Венгрия капиталының қатысуымен 60-тан аса кәсіпорын жұмыс істейді.

ҚАЙРАТ ТӨРЕБАЕВ, ҚР ҰЭМ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ  ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Бүгінгі таңда біздің жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен су ресурстарын басқару саласында шамамен 3 меморандумға қол қойылды.  Венгрияда суды тазарту және оның жойылып кетуін азайту тәжірибесі бар. Варга мырза бизнесмендерге тікелей бірлескен кәсіпорындар мен сату нарығын Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орталық Азияда, ТМД және Еуразия Одағында ашу туралы тікелей нұсқаулар берді.

Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері Нью-Йорк сауда палатасы алаңында жергілікті кәсіпкерлерге таныстырылды. Бас консулымыз Жәнібек Әбдірашов қатысушыларға инвестиция тартудағы тың әдістеріміз және инвесторлармен жұмыс істейтін аймақтық хабға айналатын Астана халықаралық қаржы орталығы жөнінде баяндады. Өткен жылы Қазақстанға құйылған шетелдік инвестицияның жалпы мөлшері 15,8 процентке артып, 24 миллиард долларға жеткен.

ЖӘНІБЕК ӘБДРАШОВ, ҚР НЬЮ-ЙОРКТЕГІ БАС КОНСУЛЫ:

- Америка бизнесі жағынан қызуғышылық бар, бұл тұста Қазақстанда жақсы механизм құрылғаны маңызды. Үйлестіруші Кеңес инвесторлардың елімізде туындаған бар мәселелерін шешумен айналысады. Осындағы біздің мақсатымыз тек ірі бизнесты ғана емес, инвестициялық мүмкіндіктері бар орта және шағын бизнесті бағыттау болып тұр. Олар қаражатын өзге елдерге салып жүр, өйткені Америка кең нарық, ал Нью-Йорк әлем деңгейіндегі нөмір бірінші қаржы орталығы. Мұнда өте көп компаниялар бар. 

Түркиялық кәсіпкерлер де Қазақстанмен экономикалық байланысты нығайтуға ниетті.  Олар жиһаз өндірісі, жеңіл өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы мен баламалы энергия салаларына басымдық береді. Кәсіпкерлер еліміздің инвестициялық мүмкіндігіне жоғары баға беріп отыр. Сондай-ақ, ағылшын құқығы нормалары негізінде жұмыс істейтін «Астана» халықаралық қаржы орталығы да назардан тыс қалмады.

ХИКМЕТ ЭРЕН ЕУРАЗИЯ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ БАСШЫСЫ:Қазақстан – Еуразия құрлығының қақпасы, күллі түркі жұртының бесігі. Біз үшін маңызы зор. Елдің тәуелсіздік алғанына 27 жыл толуына қарамастан қазірде оны төрткүл дүние жақсы таниды. Жер көлемі жағынан әлем елдерінің ішінде 9-орын алуы мен қазба байлықтарының әртүрлілігі де әлем назарын өзіне аударып отыр. Түрік елі де, кәсіпкерлері, өндіріс саласы мен инвесторларға бай ел. Іскерлеріміз бірқатар мемлекеттерге инвестиция салған. 

Жалпы, Қазақстанда негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 2019 жылдың қаңтар-ақпан айларында 3,5 млрд долларға жуықтаған. Бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,2% көп. Ал 2022 жылға қарай Қазақстан 118 млрд долларға тікелей шетелдік тартады деп жоспарланып отыр. Оның ішінде 24,6 млрд АҚШ доллары тиімділікті арттыруға бағытталған тікелей шетелдік инвестицияларға қатысты болмақ.

Фото: www.24.kz