Отандық ешкі сүтіне Қытайдан сұраныс бар

Отандық ешкі сүтіне Қытайдан сұраныс бар

Қытай Қазақстандағы асыл тұқымды шаруашылықтың өнімдеріне қызығушылық танытып отыр. Оның ішінде ешкі сүтіне деген сұраныс жоғары. Елімізде сүт өндірісімен айналысатын зауыттың иесі бұл іске 3 миллиард теңге қаржы құйыпты. Италиядан әкелінген құрылғылардың көмегімен сауын процесі толық автоматтандырылған.

АЗАМАТ ТҰРМАҒАМБЕТОВ, АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ФЕРМАСЫНЫҢ БАСҚАРУШЫСЫ:

- Бізде өнімді өткізу нарығын кеңейту мүмкіндігі зор. Өнімімізге шетелдіктер қызығушылық танытып отыр. Қытайлықтардан оны үлкен көлемде, әрі жоғары бағамен сатып алу туралы ұсыныстар келіп түсуде.

Осы заманғы озық технологияны меңгерген ешкі шаруашылығы тұтынушыларға өнімнің бірнеше түрлерін  ұсынып отыр. Оның ішінде пайдалы ешкі сүтіннен жасалған кілегей, қатық, қаймақ та бар.

СЕРГЕЙ ЗВОЛЬСКИЙ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

- Кәсіпорын осы кәсіппен айналысатындарға жол салып беріп отыр. Ол бұл салада көшбасшы деуге болады. Мен экологиялық таза, әрі табиғи өнім фермасына бірінші кезекте, әрине, өтемақы,  дайын өнімге субсидия беру мен оны жабдықтармен қамту мәселелерін қарастыратын боламын. Бұл фермаларды кеңейтуіміз керек.

Өндіріс иесі бұл өнімді мектеп оқушылары мен ауруханадағы емделушілердің тамақ рационына қосуға болады деп есептейді. Себебі ешкі сүтінің ерекше қасиеттері көп. Ол аллергия туғызбайды және денсаулықты жақсартады.

Фото: dhakatribune.com