Қазақ-өзбек шекарасында «Орталық Азия» халықаралық орталығы ашылады

Қазақ-өзбек шекарасында «Орталық Азия» халықаралық орталығы ашылады

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілуде. Бүгінгі таңда қос ел Орталық Азия мемлекеттері арасындағы аймақаралық татулық пен қауіпсіздікті сақтауда күш-жігерін біріктіретін локомотивке айналды. Бұған екі елдегі жаһандық үрдіспен қатар жүріп жатқан интеграциялық үрдістер мен цифрландыру процестері негіз болды. Өткен жылы екі ел арасындағы сауда айналымы 3 миллиард АҚШ долларынан асып жығылған. Алдағы меже 5 миллардқа жеткізу.

АКМАЛ РАХМАНОВ, ӨЗБЕКСТАН ОЛИЙ МӘЖІЛІСІНІҢ ЗАҢ ШЫҒАРУШЫ ПАЛАТАСЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

- Екі ел арасындағы экономикалық және гуманитарлық саладағы байланыстың жаңа жобасын көрдік. Бұл жерде ел аралық және халқаралық дәрежедегі келіссөздер халықтар арасындағы достық, бауырмалдық өте маңызды рөл ойнайды. Президентіміз құттықтау сөзінде «Алыстағы туысқаннан жақындағы көрші артық» деген Қазақ халқының бір өте керемет теңеу айтты. Бұл көнеден келе жатқан сабақтастық пен таризхымызды бүгінгі байланысты білдіреді.

Шекара шебінен ашылатын «Орталық Азия» халықаралық орталығы сауда-саттықпен бірге өзге елдер нарығына жол ашпақ. Бүгінгі таңда тараптар меморандумға қол қойды. Сарапшылардың пікірінше, орталық аймақтағы негізгі көлік-логистикалық хаб болмақ, сондай-ақ, Қытай мен Еуропа нарығына жол ашып, сауда жасауды дамтытуға мүмкіндік береді.

КОДИР ДЖУРАЕВ, САЯСАТТАНУШЫ:

- Екі мемлекет аймақаралық күш біріктіру мен татулық пен қауіпсіздікті сақтау тұрғысынан алып қарағанда ықпалдастырушы фактор болып табылады. Осы жағынан алып қарағанда қос мемлекет Орталық Азиядағы көшбасшы деуге болады.

Өзара тиімді ынтымақтастықты дамыта түсудің тағы бір саласы - туристік байланыстарды дамыту болып табылады. Бай тарих пен ежелгі сәулет ескерткіштері көптеген туристердің аймаққа қызығушылығын арттыруда.

ТУЛКИНЖОН КАРИМОВ, ӨЗБЕКСТАН ОЛИЙ МӘЖІЛІСІНІҢ ЗАҢ ШЫҒАРУШЫ ПАЛАТАСЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

- Қазақстан Президентінің туризм кластерін дамыту бойынша пікірі өте көңілге қонымды болды. Бұл жерде Түркістан, Самарқанд және Бұқара тарихи қалаларын байланыстыруды алдына мақсат етіп қойды. Бұл бізге екі елдің ғана емес дүние жүзінің назарын аударып, өзара туризм саласының дамуына кепіл болады.

Қазақстан мен Өзбекстанның арасындағы экономикалық, мәдениет және туристік байланыстың жаңа дәуірі басталды. Оның бір айшықты дәлелі – Өзбекстанда Қазақстан жылын өткізу болып отыр.

Фото: kazanalytics.kz