QNET-тің Қазақстан нарығына кіргеніне 10 жыл толды

Тікелей сатылым жобасы QNET халықаралық компаниясының қазақстандық бөлімшесі 10-жылдығын атап өтуде. Осы уақыт аралығында компанияның тәуелсіз өкілдері көптеген қазақстандыққа табыс табу жолын көрсетіп, әлемдік бренд тауарларды сатудың тиімді жүйесін қалыптастыруды үйретті. QNET-тің мүмкіндіктерін кәсібінің негізі етіп таңдағандар бүгінде бизнес-мектеп ашып, шетелге саяхаттауға жолдама иеліп жүр.

ӘЛИЯ АДЕЛЬБАЕВА, «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНСАЛТИНГ БЮРОСЫ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ, «QNEТ» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АГЕНТІ:

- Біз адамдарға өз кәсібін, өздерінің мүмкіндіктерін ашуға көмектесеміз. Бүгінде көп адам жеке кәсіпкерлікпен айналысқысы келеді, бірақ неден бастау керегін білмейді. Біз агенттік ретінде бизнес құрудың жолдарын көрсетеміз.

QNET табысты бизнес құрумен бірге, әлеуметтік жауапкершілікке баса мән береді. Компания әр кез балалар үйлеріне жәрдем көрсетіп келеді. 10 жылдық мерейтойына орай QNET ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды қонаққа шақырды.

ЛӘЗЗАТ ӘСКЕРҒАЛИҚЫЗЫ, «ЖАНҰЯ» МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КЕШЕНІНІҢ БАСШЫСЫ:

- QNET компаниясымен ынтымақтастығымыз ұзақ жылдардан бері жалғасуда. Әрқашан қамқорлық көрсетіп келеді. Алғысымызды білдіру үшін балаларымызбен осы мерекеге келдік.

ЕРКІН КАМАЛИЕВ, «QNET» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТӘУЕЛСІЗ ӨКІЛІ:

- QNET компаниясының  барлық туелсіз өкілдерін 10-жылдық мерейтоймен құттықтаймын. Табыс пен мақсаттарына қол жеткізулерін тілеймін.

Өз мерекесі күні QNET кішкентай достарына сыйлықтар әзірледі. Бүгін балалар үйіне су тазалайтын құрылғы мен бейнекамера және шағын кәдесыйлар тарту етті.

Фото: 24.kz

*PR