Қазақстан мен Қытай өзара ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Қытай өзара ынтымақтастықты белсенді түрде дамытуда. Бүгінде Аспан асты елі – республиканың маңызды сауда әріптестерінің бірі. Қытай еліміздегі тікелей шетел инвестицияларының көлемі мен бірлескен кәсіпорындар саны бойынша алда. Қазірдің өзінде қос тарап арасындағы тауар айналымы айтарлықтай артқан. Соңғы бес жылда ол рекордтық деңгейге жетіп, шамамен 29 млрд АҚШ долларын құрады. Айта кетейік, еркін сауда-саттықты дамыту «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы жөніндегі Қазақстан-Қытай халықаралық орталығы құрылысының арқасында мүмкін болған. Ол шамамен 500 гектар аумақты алып жатыр. Қазіргі кезде Қытай мен Қазақстаннан көтерме және бөлшек сауда жасаушылар күн сайын осы жерге келеді. Өндірушілерге арналған жеңілдік тәртіптеме сияқты, тұтынушылар үшін де артықшылықтар қарастырылған. Өткен жылы Қорғас орталығына алты миллионнан астам адам келгенін де айта кету керек. Бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 7% артық.

ЦЗИ ГАН, САУДА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС МЕНЕДЖЕРІ:

- 2016 жылдың жазында ашылған алғашқы екі ғимаратта бүгінгі таңда 78 бөлме жалға берілді. Бұл жобаға деген қызығушылық артып келеді, әсіресе Орталық Азия елдерінің кәсіпкерлерінің арасында. Өз кезегінде біз оларға Қытай елінен әріптестерді табуға көмектесеміз.

Фото: liter.kz