Алматы облысында кәсіпкерлікті қолдау шаралары күшейтілді

Алматы облысында кәсіпкерлікті қолдау шаралары күшейтілді

Кәсіпкерлерді жеңілдетілген несие бағдарламасына тарту, бизнес-жобаларды әзірлеу және қаржыландыру. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында құрылған «Қарапайым заттар экономикасы» жобалық кеңсесі осы мәселелермен айналысады. Осындай мекемелер ел аймақтарында түгелдей ашылуда. Оның құрамында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы мен «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының, сонымен қатар екінші деңгейлі банктер мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері де бар. Кеңсе ірі кәсіпорындармен қоса, орта және шағын бизнес нысандарын да қаржыландырады. Ұсынылатын жобалар міндетті түрде өнім өңдеу, жеңіл өнеркәсібі және агроөнеркәсіптік кешенге қатысты болуы тиіс. Жақында кеңсе Талдықорғанда ашылды.

ӘСЕТ ШАЯХМЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Біз 65 компанияның қаржылық айналымы жеткіліксіздігіне байланысты несиеге иек артқысы келетінін анықтадық. Қазірдің өзінде 3 компанияның құжаттары екінші деңгейлі банктерге жөнелтілді. 12 кәсіпорын бизнес-жоба әзірлеп, қажетті құжаттарын жинауға кірісіп кетті.

Айта кетейік, халық тұтынатын тауарлар өндірісін қаржыландыру республикалық бюджет есебінен жүргізіледі. Бұл мақсатқа 600 миллиард теңге бөлінген.

Фото: primeminister.kz