Қазақстан мен Қытайдың ынтымақтастық көкжиегі кеңейеді

Қазақстан мен Қытайдың ынтымақтастық көкжиегі кеңейеді

Қазақстанның шығыс көршісімен көліктік-логистикалық саладағы байланысы нығайып келеді. Мәселен, «Достық-Алашаңқай» және «Алтынкөл-Қорғас» теміржол өткелдері Қытай-Еуропа бағытындағы тасымалдың 56 пайызын қамтып отыр. «Қорғас - Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы шекара маңы ынтымақтастығы сияқты ірі жобалар сәтті жүзеге асырылып жатыр. Сонымен, бүгінгі таңда қос тарап өкілдері  «Астана» Халықаралық қаржы орталығы мен Қытайдың қаржы институттары арасындағы стратегиялық байланысты арттыруға дайын. Бұған қоса, екі ел арасындағы алыс-беріс кезіндегі кедендік кедергілерді оңтайландыру жайы да назарда.

ӘЛИХАН СМАИЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

- Біз Қытайдың кеден басқармасымен экспорттық декларациялар бойынша онлайн режимде мәлімет алмасу туралы келісімге келдік. Осылайша, біз ол ақпаратты қазақстандық кәсіпкерлердің импорттық декларацияларымен салыстыратын боламыз.

Қазақстанға инвестиция салған мемлекеттердің ішінде Қытай төртінші орында.  Аспан асты елінің іскерлері негізінен көлік және логистика, тау-кен өнеркәсібіне қаржы бағыттайды. Екі елдің сауда-экономикалық байланысы жылдан жылға артып келе жатыр. Мәселен, соңғы үш жылда өзара тауар айналымы 50 пайызға өскен.

Фото: inbusiness.kz