Қазақстанға тартылған инвестиция өсімі 4,2% құрады

Қазақстанға тартылған инвестиция өсімі 4,2% құрады

Қазақстан экономикасына тартылған инвестициялардың өсімі ақпан айында 4,2% құрады. Өткен жылы тікелей шетелдік инвестициялардың ағыны 10 пайызға жуық артып, 4 миллиард доллардан асып түскенін атап көрсеткен жөн.

РУСЛАН ДӘЛЕНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ:

- Жалпы осы екі айдың қорытындысы бойынша, ЖІӨ серпіні жылдамдады. Инфляция нысана дәлізде сақталып отыр. Инвестициялар қайта өсе бастады. Ал халықаралық резевтер тұрақты деңгейде. Осылайша ЖІӨ өсуі - 3,5 %-ға жылдамдады. Қаңтарда ол 2,9 % құраған болатын. Мұндай серпін тауарлар өндірісінің өсуімен, сондай-ақ қызмет көрсету секторының өсуімен қамтамасыз етілді. Олардың жалпы ішкі өнімнің өсімі салымына сәйкесінше 0,91және 2,19 проценттік тармақты құрады.

Осы ретте ел өңірлерінің инвестициялық мүмкіндіктері де арта түскенін атап көрсету керек. Мысалы, Қарағанды облысына өткен жылы 470 млрд теңге қаржы тартылған. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті арттыру жоспарланып отыр. Биыл өңірге тартылатын инвестиция көлемі 520 млрд теңгеге жетпек. Ол үшін ірі инвесторларға мемлекет тарапынан қолдау шаралары қарастырылмақ.

АЛМАС АЙДАРОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

-  Былтырғы жылға қарағанда 21 пайызға көбірек, осы жылы да осы динамиканы сақтап отырмыз, қазірдің өзінде қаңтар мен ақпан айы бойынша былтырғы жылға қарағанда екі есе инвестиция тартып келеміз. Осы трендті сақтауға тырысамыз. Жалпы тартылатын  инвестициялардың 85 пайызы жеке меншік инвестиция болып табылады. Олардың тең жартысы – шетелдік инвестиция.

Қазір облыста 40 ірі жоба іске асырылуда. Олар тау-кен-металлургия, көлік-логистика және азық-түлік өндірісі салаларында қолға алынған. Жобалардың жалпы құны 1 триллион теңгеден асады.

Фото: naryk.kz