Қазақстан газ экспортын ұлғайтты

Қазақстан газ экспортын ұлғайтты

Қазақстан шетелге газ жеткізілімін арттырды. Өткен жылдың 10 айында 22 миллиард текше метрден астам көгілдір отын экспортталған. Бұл 2017 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 14,5%-ға жоғары. Экспорттың өсуі Ресей Федерациясы мен Қытайға жеткізілімдердің ұлғаюына байланысты. Солтүстіктегі көршіміз 7,5 млрд текше метрден астам газ сатып алса, шығысымыздағы мемлекет экспорт көлемін 7 есеге арттырған. ҚР Энергетика министрлігінің мәліметінше, 2018 жылы аспан асты еліне 5 млрд 800 млн текше метр газ сатылған. Өткізу нарығының кеңеюі де экспорттың артуына септігін тигізді. Әзербайжан және Қырғызстан елдеріне де шағын жеткізілімдер жасалуда. Жалпы ағымдағы кезеңде біздің еліміз 1 млрд 700 миллион доллар газ сатты. Естеріңізге салсақ, Қазақстан әлемдегі табиғи газ қорлары бойынша 22-ші, ал ТМД елдерінің ішінде 3-ші орынға жайғасқан.

Фото: kp.kz