Қазақстан Қытайға экспорттың ауқымын кеңейтті

Қазақстан Қытайға экспорттың ауқымын кеңейтті

Қазақстан Қытайға экспортталатын ауылшаруашылық өнімдерінің ауқымын кеңейтіп жатыр. Былтыр Шанхайда өткен импорттық көрмеде еліміз ауыл шаруашылығы саласының 30 түрлі өнімін экспорттауға келіскен. Тізім биыл тағы 10 тауармен толығады. Сонымен бірге қазір ауыл шаруашылығы министрлігі көрші елмен сиыр етінің ветеринарлық сертификатын заңдастырып жатыр. Нәтижесінде қазақстандық кәсіпорындар Қытай нарығына ірі қара етін экпорттауға мүмкіндік алады. Бұған дейін отандық 5 кәсіпорын қой етін сататын рұқсатқа ие болған. Бұдан бөлек, Қазақстан Қытай нарығының талаптары бойынша малды тірідей сатудың мүмкіндіктерін де қарастырып жатыр. Қазір екі елдің шекарасында осыған орай сертификатталған карантиндік алаңдар салынып қойды. Келіссөз барысында отандық сүт өнімдерін экпорттау мәселесі де сөз болды.

ГҮЛМИРА ИСАЕВА, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

 - Біз бұл өнімді қазір Қытай стандарты бойынша тіркетіп жатырмыз. Түйе сүті – Қытай үшін тың өнім. Ол тағам ретінде ғана емес, ең бастысы диабеттің алдын алудағы шипалық қасиеті бар өнім ретінде тұтынылады. Сондықтан қытайлықтар үшін ол тағам да, шипа да болмақ.

Фото: matritca.kz