Қазақстан бизнес жүргізу рейтингінде үздік 30 елдің қатарында

Қазақстан бизнес жүргізу рейтингінде үздік 30 елдің қатарында

Франция саясаткерлері бизнесмендер үшін Қазақстанмен танысу жиынын ұйымдастырды. Елші Жан Ғалиев Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері мен экономиканың негізгі көрсеткіштері туралы баяндап берді. Сондай-ақ Қазақстан экономикасына қаржы құюдың басты 10 себебін атады. Оның ішінде инвесторлар үшін жасалған қолайлы жағдай, француз компанияларының еліміздегі табысты еңбектерінің үлгілері және мемлекет жағынан нвесторларға берілетін жеңілдіктер мен кепілдіктер бар. Сонымен қатар дипломат кәсіпкерлерді Қазақстанның даму стратегиясымен және бағдарламаларымен танысуға шақырды.

ЭЛЕН КОНВЕЙ-МУРЕ, ФРАНЦИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЕНАТОРЫ:

 - Франция мен Қазақстан арасында тығыз қарым-қатынас орнықты. Франсуа Миттеран мен Франсуа Олландтан басталған бұл үрдісті қазір президент Макрон да қолдап отыр. Бізге жиі кездесіп, бірлесе жұмыс істеп, әріптестігімізді нығайтуымыз керек. Бұл өз кезегінде технологиялармен бөлісіп, елдің экономикалық дамуына үлес қосуға мүмкіндік береді.

ЖАН-МАРИ КАМБАСЕРЕС, ҰЛТТЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ СЕКЦИЯ ПРЕЗИДЕНТІ:

-  Елдеріңізде жиі боламын. Қазақстан Президентінің әрбір кезеңдегі шешімдерінің арқасында елдің одан әрі дамып жатқанына куәмін. Елбасыларыңыздың соңғы шешімдерінің бірі халықаралық қаржы орталығын құру болды. Ол кәсіпорын жетекшілерінен құралған топтың барлық мүшелеріне тиімді. Осылайша, Қазақстанды жақсырақ тану мүмкіндігі туды.

Қазақстандағы инвестициялық ахуалдың қолайлығы туралы Бельгия іскерлері де айтып отыр. Әсіресе елде тың инновациялық технологияларды дамытуға мүмкіндік жеткілікті, дейді медициналық бағытта жұмыс жасайтын компания өкілдері. Олар Қазақстанда бірнеше жобаларын сәтті іске асырған.

ЙОХАН ФОКЕ,  МЕДИЦИНАЛЫҚ КОМПАНИЯ МЕНЕДЖЕРІ:

 - Біз инновациялар мен жаңа технологияларды дамыту бойынша Астана, Алматы, Ақтөбе, Семей мен Өскемендегі 6 онкологиялық орталықта жергілікті компаниялармен бірлесіп жұмыс істеп жүрміз. Осы тізімге Павлодарды да қосу жоспарымызда бар. Аталмыш орталықтардың қызметкерлерін оқытамыз. Мұны Президент Назарбаев ұсынған «Саncer-care» мемлекеттік онкологиялық бағдарламасының маңызды бөлігі ретінде қарастырып, оны жүзеге асыруда өз үлесімізді қосып жүрміз.

Фото: baribar.kz