«Астана» ХҚО экономикалық дауларды реттеуге арналған онлайн платформаны іске қосты

«Астана» ХҚО экономикалық дауларды реттеуге арналған онлайн платформаны іске қосты

«Астана» халықаралық қаржы орталығы экономикалық дауларды реттеуге арналған онлайн платформаны іске қосты. Жобалаушылардың айтуынша, бұл Еуразия аумағында осындай мақсатта жұмыс істейтін алғашқы сервис болмақ. «Астана» халықаралық қаржы орталығы соты, халықаралық арбитраж орталығының тіркеушісі және аппарат басшысы Кристофер Кэмпбелл-Холтомның айтуынша, 2018 жылы қаржы орталығының сот және арбитраж жүйелері толықтай қаланды. Әлемнің ең үздік тәжірибесін негізге ала отырып, сот өндірісі мен арбитражының ережелері әзірленіп, судьялар іріктелді. Шетелдік сарапшылардың атап көрсетуінше, бизнестің құқықтары мен мүдделерінің осындай деңгейде қорғалуы Қазақстанға халықаралық инвестицияларды тартуға өз септігін тигізеді.

КРИСТОФЕР КЭМПБЕЛЛ-ХОЛТОМ, «АСТАНА» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫ СОТЫ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АРБИТРАЖ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТІРКЕУШІСІ ЖӘНЕ АППАРАТ БАСШЫСЫ:

 - Біз И-Джастис халықаралық санаттағы инновациялық сервисті ресми түрде іске қостық. Мұндай жүйенің болуы «Астана» қаржы орталығының соты мен Халықаралық арбитраж орталығы арбитраж орталықтары мен коммерциялық соттарының әлемдік картасынан лайықты орын алғанын көрсетеді. Иджастис электрондық әділет жүйесінің болуы адамға әлемнің кез келген нүктесінде отырып-ақ, сотқа арыз түсіріп, істің қандай сатыда екенін қарай алады. Ол көптеген мәселелерді Астанаға келмей-ақ, шеше алады. Бәрі онлайн жасалады.

Фото: inform.kz