Астананың инвестициялық тартымдылығы

Астананың инвестициялық тартымдылығы

Астананың шетелдік капитал үшін тартымдылығы күн санап артуда. Қалаға құйылған инвестициялардың жалпы көлемі 6 пайызға өсіп, 1 трлн теңгені құраған. Бұл көлемнің үштен бірі шетелдік инвесторларға тиесілі. Осындай оң үрдіс биыл да сақталады деген сенім мол. Қазірдің өзінде өнеркәсіп, сауда, қызмет көрсету және денсаулық сақтау салаларында өсім байқалып отыр. Сонымен қатар еліміз бойынша Астанада шағын және орта бизнестің үлесі ең жоғары екенін атап өту керек.    

БАХЫТ СҰЛТАНОВ, АСТАНА Қ. ӘКІМІ:

 - Астана – кәсіпкерлер қаласы, инвестициялық тартымды шаһар. Қазір жалпы сомасы 3 трлн теңге болатын 193 жоба іске асырылуда, оның ішінде 44 жобада шетелдік инвесторлар мен трансұлттық корпорациялар. Инвестициялық салымдардың жалпы көлеміндегі шағын және орта бизнестің үлесі – 86 пайыз. Яғни қала инвестицияларының негізгі бөлігі де соларға тиесілі.   

Атап өтерлігі, елордадағы кәсіпкерліктің дамуына мемлекеттік бағдарламалардың септігі мол. Өткен жылы бизнестің жол картасы бойынша мыңнан аса кәсіпорынға 186 млрд теңге көлемінде демеу көрсетілді. Ал қаладағы бизнес объектілерінің саны өткен жылы 20 пайызға өскен.

Фото: kapital.kz