Ақмола облысының өнімдері Біріккен Араб Әмірліктеріне экспортталады

Ақмола облысының өнімдері Біріккен Араб Әмірліктеріне экспортталады

Ақмола облысының шаруалары енді өз өнімдерін Біріккен Араб Әмірліктеріне сата алады. Қос тарап бүгінгі таңда өзара сауда-саттық байланыс жөнінде меморандумға қол қойды. Облыстық кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің айтуынша, арабтарды қазақстандық ұн, бидай, ет және сүт секілді ауыл шаруашылығы өнімдері қызықтырады екен. Енді бұл елде Ақмола облысының сауда өкілдігі ашылып, сауда-саттық қатынасы жүйеленбек.

ТИМУР НАХЫПБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Қазіргі кезде Ақмола облысы тауық жұмыртқасына деген қажеттілікті толығымен 100% астам қамтамасыз етіп отыр.  Сондықтан бүгінгі таңда Біріккен Араб Әмірліктеріне 250-300 миллион дана жұмыртқа экспорттауға мүмкіндік бар. Бұдан бөлек, ет өнімдері мен органикалық өнімдерге де үлкен қызығушылық бар екенін атап өту керек.

Айта кету керек, 2017 жылы Ақмола облысының Біріккен Араб Әмірліктерімен сыртқы сауда айналымының көлемі 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5 есеге, ал 2018 жылы 61%-ға артқан. Бүгінде Ақмола облысы Біріккен Араб Әмірліктерінде қазақстандық ұнды табысты экспорттап келеді. Сонымен қатар Араб елдері атап өткендей, біздің өнімдеріміздің артықшылығы сапасының жоғарылығында, барлық талаптарға сай келетіндігінде, сондай-ақ экологиялық тазалығында.

Фото: kapital.kz