Ақмола облысы Иранға сиыр етін экспорттайды

Ақмола облысы Иранға сиыр етін экспорттайды

Ақмола облысы Иранға сиыр етін экспорттайды. Өнімнің алғашқы партиясын жеткізу үшін қос тарап арасында келісімшартқа қол қойды. Уағдаластық бойынша, алдымен 500 тонна сиыр еті жөнелтіледі. Жалпы өткен жылы, Қазақстаннан 20 мың тоннаға жуық ет экспортталған. Көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 3,5 есе артық. Ал биыл кемі 30 мың тонна етті шетелге жөнелту жоспарланып отыр. Әсіресе, Әзeрбайжан, Армения, Бахрейн, Вьетнам, Германия Кувейттен Қазақстан өніміне сұраныс артқан. Бүгінде Қытаймен балық және ет өнімдерінің экспортын 30 пайызға дейін арттыру мақсатында келісім жасалды.

САЛТАНАТ ӘБІЛҚАСЫМОВА,  ҚР АШМ-ВЕТЕРИНАРЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

-  Иранға Кеден Одағының мүшесі болғандықтан, біз тиісті ветеринарлық талаптарды ұстануымыз керек. Ол Иран мен Қазақстан Республикасының арасында ветеринариялық талаптарға сай сәйкестендірілген. Сертификаттарға қол қойылған. Аталған талаптарды орындаған жағдайда малды сою кезінде Иранның тиісті билік органдарының мал дәрігерлері қатысады.

Фото: lenta.inform.kz